Нәтижесінде: Ұпайларды қосқаннан кейін төменде берілген тұжырымдамаларды пайдаланып, ата-ананың қандай тәрбие беретіндігін көруге болады.
0-18 ұпай аралығында:Сіз балаңызды өзіңіздің өміріңізге, тұрмыс жағдайыңызға қарай “көзіңізді жұмып” тәрбиелейсіз. Оның жаңа өскелең ұрпақ өкілі екенін ескермейсіз. Сіздің ойыңызша тұйық болу және үлкендерді сыйлау адам үшін ең әдемі де әдепті ерекшеліктер. Бірақ сіз үшінші мыңжыддықта адамдардың өздеріне деген сенімінің, шығармашыл ерекшеліктерінің және өзінше іс-әрекет жасауының маңызды болатындығын ұмытып кеткенсіз. Сіздің балаңызға бұл ерекшеліктер керек болады, бірақ сіз балаңызда оларды жетілдіруге тырыспайсыз, өмірдің өзгергендігін және алға кетіп бара жатқандығын көргіңіз келмейді.
19-35 ұпай аралығында:Сіз балаңыздың келешекте қандай жағдайда өмір сүретіндігін ойламаған болсаңыз керек. Алайда сіздің дұрыс жасайтын жақтарыңызды да айта кетсек артық болмайды: сіз бүгінгі өмірге сай әрекет етіп, бала тәрбиесінде қалыптасып кеткен тәсілдердің орнына қазіргі тәсілдерді қолдануға тырысасыз, баланың өз мәселелерін өзінің ойлауы керек болғаныны ең дұрыс шешім деп табасыз, балаңыздың еркін іс-әрекет жасауына рұқсат бересіз, оның беделіне нұсқан келтірудің керегі жоқ деп ойлайсыз. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балаңыздың өмірге әзір екенін айту қиын. Сіз онда ойлау еркіндігін, өзіне сенім сезімін жеткілікті түрде жетілдірмейсіз. Сіз балаңыздың әр нәрседе тек қана сізді тыңдауын қаламасаңыз да оның өз ойларына жеткілікті түрде сенбейтініңізді айтуға болады.