І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет65/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

0 ден – 13 ұпайға дейін
Сіздің мінез-құлқыңыз ең алдымен айналаңыздағы адамдарға байланысты. Сіздің ұнжырғаңыз тез түсіп, тез жігерленіп, шабыттанасыз, ұнамайтын жұмысты қиналып, әзер істейсіз. Сізге айналаңыздағы жағдай өте күшті әсер етеді. Сондықтан, сізді өз шешімдеріңіздің айту қиын. Сіз эмоцияға өте беріліп кетесіз, өз көңіл-күйіңізге тәуелдісіз.
14 тен – 20 ұпайға дейін
Сіз адамға бағынып, қалып жүзсеңіз де, өзіндік стиль табуға талпынасыз. Сізге сыншылдық, талдау тон, сондықтан басқа адамдардың сендірерлік дәлелі болмаса, сізге ықпал жасай алмайды. Егер сіздің осы уақытқа дейін ұстанып келген позицияңыз өзіңізге зиянға шығатынына көзіңіз жетсе, сіз одан бас тарта алмайсыз.
21 ден – 27 ұпайға дейін
Сіз өзіңізді ешқашанда қателеспейтін адам деп санайсыз. Дегенмен, сіз сыртқы ықпалға бейімсіз. Сіз өз көзқарасыңыз, сенімдеріңізбен, алдыңызға қойып отырған өмір шындығының қақ ортасын іздеуге тырысасыз. Сізге көмек беруші – сіздің сезіктілігіңіз (сезімталдығыңыз) сол арқылы сіз дұрыс жол тауып жүрсіз.
28 ден – 34 ұпайға дейін
Сізге өз көзқарасыңыздан, принциптеріңізден бас тарту өте қиын. Сізге біреу неғұрлым ықпал жасағысы келсе, сіз соған соғұрлым қарсылық білдіруге тырысасыз. Бірақ, шын мәнінде, сіздің табандалығыңыз түбінде өзіңізге сенушіліктен гөрі, қолайсыз жағдайдатүсіп қаламын ба деген қауіп.
35 ден – 40 ұпайға дейін
Егер сізге бір ой келсе, онда сізді ешкім де тоқтата алмайды. Сіз өз мақсатыңызға мүдірмей жетуге тырысасыз. Бірақ сізді жақсы білетін адам, сіздің осы қылықтарыңызды алдын-ала божай отырып, сіздің іс-әрекетіңізді байқаусыз және өте шебер бағыттап отыруңы мүмкін. Сондықтан, сіз орынсыз тірескеннен гөрі, тез түсінгіштік білдірсеңіз жақсы болар еді.
Қыздар ма, ұлдар ма?” тесті
(балаларды танисыз ба?)
Психологтар қыз және ер балалардың тәрбиесіне байланысты қалыптасып қалған ойларды зерттеп, мынадай тест жасаған. Төменде қыз және ер балалардың тәрбиесіне байланысты ойды айқындайтын 20 сөйлем берілген. Бұларды мұқият түрде оқып, сөйлемді дұрыс деп тапсаңыз “иә”, қате деп тапсаңыз “жоқ” түрінде , ешқандай айырмашылық көрмесеңіз “бәрібір” деген түрде жауап беріңіз. Барлық сұрақтарға жауап берілгені дұрыс. Сәттілік тілейміз!

  1. Қыздар ербалаларға қарағанда тұйық және бағынғыш.

  2. Табиғатты қыздар көбірек аялайды.

  3. Ер балалар қиын жағдайда жақсырақ бағаланып, қисындырақ ойлай алады.

  4. Ер балалар қыздардан гөрі өздерін көрсеткісі келеді.

  5. Қыздарға қарағанда ер балалар математиканы жақсырақ түсінеді.

  6. Қыздар ер балалара қарағанда сезімтал, қайғы мен мұңды басынан ауыр өткізеді.

  7. Қыздар ойларын толығырақ, жақсырақ түсіндере алады.

  8. Ер балалардың көру арқылы есте сақтауы, ал қыздардың есту арқылы есте сақтауы мықты.

  9. Ер балалардың кеңістік жайын білу, жөн табу қабілеті қыздарға қарағанда жақсырақ дамыған.

  10. Ер балалар дөрекілеу болады, адамдарға тиіскенді жақсы көреді.

  11. Қыз балалардың белсенділігі төмен.

  12. Қыз балалар қарым-қатынас құруға жақынырақ болады, достар аясының кеңірек болуын қалайды.

  13. Қыз балалар нәзігірек , жұмсағырақ.

  14. Қыз балалар басқа адамдардың ықпалына көбірек мән береді.

  15. Ер балалар қыздарға қарағанда бастама көтергіш болады.

  16. Қыз балалар ұлдарға қарағанда қорқақ.

  17. Қыздардың қысылып-қымсынуы басым.

  18. Қыздар өз араларында азырақ бәсекелеседі.

  19. Ер балалар үшін өзінің қабілетін, өзін көрсету маңызды.

  20. Ер балалар шығармашыл жұмысқа бейімделген, қыз балалар біркелкі жұмыстармен шұғылдануға бейім.

Тесті талдау
Берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын төменде берілген жауаптармен салыстырып білген жөн. жауаптардың жартысынан көбі дұрыс болса, ата-ананың баласын дұрыс бағытта тәрбиелегенін айтуға болады. Жартысынан аз дұрыс жауап болса ата- ананың бала психологиясына аса түсінбейтіндігі. Тестен соң дұрыс жауаптар ата-аналарға оқылып, өздерінің жауаптарымен салыстыруларына болады. Бәлкім, кейбір ата-аналар өздерінің тәжірибесінің дұрыс болғандығын айтып, мәселені талқылауға салуы мүмкін. Алайда, олардың көп жылдан бері жас жеткіншектердің психологиясын зерттейтін педагог-психолог мамандардың пікірлеріне жүгінгендері жөн. зерттеулер арқылы дұрыс деп табылған жауапта төмендегіше:
1.Бұл тұрғыда арада ешқандай айырмашылық жоқ. Бірінің шығармашылық қабілеттері көп болса, басқаларының қабілеттері аз болуы мүмкін. Бұл жерде жынысқа қатысты ештеңе жоқ.

  1. Кішкентай кезінде қыздар расында да тұйық және бағынғыш болады.

  2. Қыздардың табиғатқа жақынырақ болғанын дәлелдейтін маңызды мәліметтер жоқ.

  3. Қыздар да қиын мәселелерді шеше алады.

  4. 10-12 жасына дейін қыз балалар тезірек өседі, сондықтан құрдастары арасында ерекшеленуі үшін өзін көрсетісі келеді. Бірақ, уақыт өте келе қыздар ер балаларға қарағанда, мақсат қуалап, келешегін көбірек ойлайтын болады.

  5. Ер балалардың математиканы жақсырақ түсетіндігі туралы пікірлер кең жайылғанмен, қыздар мен ұлдар бірдей дәрежеде қабілетті. Негізгі мәселе мұғалімдердің оларды қалай бағыттағанына байланысты. Қыз болсын мейлі, ұл болсын, балалардың бәріне математиктер шығуы заңды.

  6. Керісінше, ер балаларға жүрген ортасы көбірек әсер етеді, сондықтан да ер балалар ат-анасынан бөлек қалғанда қаттырақ қиналады. Ер балалар қайғы мен мұңды ауыр қабылдайды. Олар ішкі сезімдерін сыртқа шығарғысы келмейді, өйткені кішкентай кездерінен оларға ер адамдар мықты болуы, жыламауы керектігі жөнінде көп айтылған.

  7. 10-13 жасына дейін онша айырмашылық көрінбейді, бұл жастан соң, қыздар ауызша немесе жазбаша ойларын жақсы жеткізе бастайды.

  8. зерттеулерге қарағанда қыздарда да, ұлдарда да бұл қабілет бірдей дәрежеде. Айырмашылықтар болса, тек жеке тұлғалық айырмашылықтар болады.

  9. балиғат шағынан бұрын, ешқандай айырмашылық көрінбейді. Бұдан кейін ер балалардың расында да кеңістікте жол табуы оңай.

  10. Ер балалар 2-3 жасынан бастап, тарпа бас салатын болады.

  11. Ұлдар мен қыздардың белсенділігі арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек кішкентай кезінде ер балалар белсенділігін көбірек көрсетеді, қыздар аз көрсеткенімен, көбінесе мақсатқа сай әрекет етеді.

  12. Керісінше, қыздар бірді-екілі жақын досы болуын қалайды, ер балалар болса үлкендеу топтармен жиналғанды жақсы көреді. Соған байланысты ер балалар есейгеннен кейін де топпен жүргенді, ойнағанды тәуір көреді.

  13. Белгілі жасқа дейін қыздар мен ұлдар арасында айырмашылық жоқ. Бірақ, ер балалар бір уақыттары көбірек көңіл бөлуді және мейірімділікті талап етеді.

  14. Керісінше, ер балалар топтың немесе ұжымның ойымен санасқыш, бұл жәйт олардың тәрбиесінде ұмытылмауы керек. Қыздар болса, көбінесе өз ойларына сеніп, өзгелерді аз тыңдайды.

  15. Бұл тұрғыда белгілі жасқа дейін екі жыныс арасында айырмашылық болмайды. Уақытымен қыздар одан әрі белсенді және саналы іс-әрекетке ұмтылады. Балиғат кезеңінде ер балалар белсенді болуға талпынады. Мүмкін, қыздар мұны саналы түрде жасайды.

  16. Қыздар көбінесе нәзік болғанымен аса қорқақ емес. Шындығында, олар ер балалардан да батыл бола алады.

  17. Ер балаларда бұл жағдай аса көп кездеспейді. Қыздар өмірдегі шиеленісті жағдаятарға түсіністікпен қарайды, тезірек үйренеді. Іс-әрекетте қыздар еркін.

  18. Екі жыныс арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қыздар да, ұлдар да өз араларында көп бәсекелеседі.

  19. Жоқ. Ер балалар беделділерге және өз топтарына бас иеді. Қыздар болса, өздерінің дегендерінде тұрады.

Отбасы мен ата-аналары баланың көзімен” тақырыбына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет