Метотрексат (зексат, трексан, триксилем және т.б.) түймедақтары - 0,0025, 0,005 және 0,01 г, №20, №50 және №100; флакондағы ұнтақтары - 0,005; 0,02; 0,05; 0,1; 0,5 және 1 г; ампулалары - 1%; 2,5% және 5% - 1, 2 және 5 мл; флакондағы ерітінділері –0,1%; 0,25%; 1%; 2,5%; 5% - 1, 2, 4, 8, 10, 20, 40 және 200 мл; флакондағы концентраты 10% - 5, 10 және 50 мл шығарылады.
Қатерлі ісікке қарсы метотрексатты күн сайын 2,5-5 мг мөлшерде ішу керек, бірінші улы көрсеткіші байқалғанша дейін немесе күн сайын 15-20 мг-нан 4 күн бойы немесе 25-30 мг-нан күнара 4 рет қолданылады. Бұлшықет және қан тамыр арқылы пайдаланғанда, күніне 0,4 мг/кг 5 күн бойы беріледі, немесе осы мөлшермен 4 апта ішінде 5 тәулікте 1 рет немесе 1-ші және 8-ші күні 30-40 мг/кг қолданылады, бұдан кейін қосымша басқа емдеу кестесін пайдалануға болады.
Метотрексаты жедел лимфобластомдық лейкозды, бастың, мойынның, тамақтың, қуықтың, өкпенің, тыныс жолдарының, сүт безінің, жатырдың, т.б. мүшелердің қатерлі ісіктерін емдеу үшін қолданады. Бұның жанама және қатерлік әсерлері де бар: нейтропения, тромбоцитопения, анемия, анорексия, диарея, құсу, стоматит, тері бөртуі және т.б. өзгерістер. Бұл жағдайда фоль қышқылын беру керек. Аптасына 3 рет қанды зерттеп отыру керек, ең қажетті көрсеткіштері - лейкоциттер мен тромбоциттер саны. Метотрексатты сүйек кемігі, бауыр және бүйрек аурулары, лейкопения, тромбоцитопения кезінде және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |