І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Бала тілінің тазалығын сақтау



бет31/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
тіл дамыту лекция

Бала тілінің тазалығын сақтау.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен  тәрбиеші өзі мәдениетті сөйлеуі  керек. Сонда ғана  тәрбиеші  өз тобындағы балалар тілінің  таза да  түсінікті болуына жете көңіл бөледі.

Балабақшадағы сөздік  жұмысының  аталған міндеттері тіл дамытудың  басқа да талаптарымен  тығыз бірлікте жүргізіледі. «Балбөбек» және «Балабақшада білім беру және тәрбиелеу» бағдарламаларында  әр топта  жүргізілетін сөздік жұмысының  мазмұны, көлемі анық көрсетілген. Мысалы, І- сәбилер тобы (3 жасқа  қараған балалар) күнделікті тұрмыста  жиі ұшырасатын  киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, ағаштар, өсімдіктер т.б. аттарын  белсенді түрде  қолдана білуге үйрету және  іс- әрекетке қатысты, сандық  сапалық, мезгілдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керектігі айтылған.

Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік  жұмысының да өзіндік ерекшеліктері бар:

а) заттар мен құбылыстарды біртұтас  қабылдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

ә) заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, сапасын, бөлшектерін білдіретін сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды молайту.

б) заттар мен құбылыстардың табиғи  ерекшеліктерін  сипаттайтын ұғымдарды меңгерту.

Бұл жұмыстар  баланың ақыл – ойы мен тілі қатар дамығанда  нәтижелі болады.

Бағдарламадағы қоғамдық өмір құбылыстары  және айналамен танысу тақырыптарын  төмендегіше топтауға болады:

Тұрмыстық заттар  жайында түсінік беру, қоғамдық өмірмен таныстыру, адамдар еңбегі,  табиғат жөнінде алғашқы түсініктерін  қалыптастыру,  туған елге деген сүйіспеншілігін  арттыру т.б.

Бұл тақырыптар бағдарламада баланың жасы өскен сайын күрделене түседі. Енді жоғарыда аталған тақырыптың біреуін алып, әр топқа байланысты өзгерісті қарастырып көрелік.



Тұрмыстық заттар туралы түсінік беру

І. Сәбилер тобы. Заттардың  не үшін қолданылатынын білдіру. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай таңдауға және топтауға үйрету, өз тобында  бөлмелерді бағдарлай білуге баулу (ұйықтайтын, ауыздағы бөлме т.б.) өзінің ата-анасының, тәрбиешінің аты-жөнін есте сақтауға дағдыландыру.

ІІ. Сәбилер тобы. Өз үйінің  мекен-жайын, күтушінің, медбикенің, музыка маманының  аты-жөнін білуі тиіс. Топ бөлмесіндегі ойыншықтардың, кітаптардың, ыдыс-аяқтың қайда тұратынын, қайда  сақталатынын білу.

Естиярлар тобы. Заттардың неден жасалғанын  оның құрылысын, қажеттігін  айта білулері керек. Заттарды ұқсас белгілеріне  қарай топтауға үйретіледі. Балабақша мекен-жайын есте ұстаулары тиіс.

Осылайша топ жоғарылаған сайын балалардың  айнала  қоршаған  орта туралы  ұғымдары, түсініктері де күрделене түседі. Ал  түсініктерінің кеңеюі  олардың  сөздік қорларының  молаюына  ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет