І. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс.
Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету 3 (үш) кезеңнен тұрады:
а) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.
ә) таныстырылатын дыбыстардың айтылуын үйрету.
б) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
Осы үш кезеңді жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
Үйретілетін дыбысты тәрбиешінің бірнеше рет қайталауы. Қандай дыбыстау мүшелері қатысатындығын түсіндіруі.
Сол дыбыстарды балаларға айтқызу және тыныс алуларына көңіл бөлу.
Сол дыбыстан құралған буындарды балаларға түрлі қарқында айтқызу.
Сол дыбысты сөз ішінде қайталап айтқызу үшін тақпақтар оқып беру және жаттату, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |