I бөлім не үшін үйлену керек?


Қыздың бойынан табылуы керек ең бірінші қасиет



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Қыздың бойынан табылуы керек ең бірінші қасиет
Мен «болашақ жарым қандай жан болады екен?» 
жиі ойланатынмын. «Ең бірінші қандай қасиетіне мән 
беремін?» деп нақтылап алғым келді. «Міне, осы болса, 
болды, қалғаны екінші кезекте» дейтіндей. Ағаларыммен 
ақылдасып, жеңгелеріме қарап, бір образ пайда бола 
бастады. Болашақ жарымның образы. Оның бойынан көргім 
келетін ең басты қасиет — мейірімділік екенін түсіндім. Иә, 
қыз ең алдымен мейірімді болуы керек. 
Мен болашақ жарым дәрігер болғанын 
қалайтынмын. Не үшін деп қазір ойланып көрсем, сөйтсем, 


45
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
дәрігерді мейірімділік символы көріппін ғой. Бірақ дәрігер 
қыздардың бәрі анау айтқандай мейірімді дей алмаймын. 
Сен де маған еліктеп «тек қана дәрігер қызды алам» деп 
мақсат қойып алма дегенім ғой. 
Мен жарымның мейірімділігіне қарап, үйлендім. 
Қыздарым болса, ең бірінші мейірімді болып өсуіне мән 
беретін едім. Мейлі оның дисциплинасы мықты болмай-
ақ қойсын, мейлі ол анау айтқандай жетістікке жетпей-ақ 
қойсын, бірақ мейірімді болсыншы. 
Мейірім — бұл гармония, жанашырлық, адамды 
бағалау, оның көңіліне қарау, жұмсақтық. Мейірімсіз 
қыздар бола ма? 100% мейірімсіз қыз болмайды. Мен 
былай айтар едім «мейірімділік болмысына айналып кеткен 
және кейде мейірімділік танытатын қыздар бар» деп. 
Мейірімділік болмысына айналып кеткен қызды ізде дер 
едім. 
Ондай қыз үлкендерге қатты сөз айта алмайды. 
Табиғаты сондай. Ата-енесіне қатты сөз айтатын немесе 
оларға жаны ашымайтын келіндер де бар. Мысалы, келін-
ене арасында бәрібір бір түсініспеушілік болады. Енесі 
келінінің көңіліне келетін бір сөз айтуы немесе бір әрекет 
істеуі мүмкін. Келіні іштей оған ашулануы да мүмкін. Бұл — 
заңды нәрсе. Сосын бір уақытта енесі ауырып қалса, міне, 
сол кезде қыздың қаншалықты мейірімді екені көрінеді. 
Жаны ашып, қызметін жасай ма әлде «маған бәрібір» деп 
жүре бере ме? Мейірімді қыз қанша жерден өзіне қатысты 
зәбір көрсе де, басқаларға қатысты ондай нәрсе істей 
алмайды. Оның бойында ондай функция жоқ немесе өшкен. 
Мейірімді қыз балаларға мейіріммен қарайды. Кейін 


46
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
балалары қанша жерден мазасын алып, миын жесе де, 
оларды тоқпақтауға дейін, үйден қуып жіберуге дейін 
бармайды. 
Қыздың қаншалықты мейірімді екенін қалай білуге 
болады? Оның неге мән беретініне қарау керек. Адамның 
көңіліне көбірек қарай ма әлде өзінің жұмысы біткеніне 
ме? Өзін, өз қалауын екінші орынға қоя ала ма, жоқ па? Бұл 
өзіңді жақсы көрмеу, үнемі екінші орынға қоя беру дегенді 
білдірмейді. 
Кейінгі кезде «алдымен өзіңді жақсы көр, өз 
шекараңды қорға, өз қалауыңды алдымен жүзеге асыр» 
деген сөздер көп айтылып кетті. Негізі қате сөз дей 
алмаймын. Бірақ оны шала түсініп, шала әрекеттер жасап 
жүргендер көп. Кейде ойлаймын осы біз психологиялық 
кітаптарды оқып алып, эгомызды одан сайын семіртіп 
жатқан жоқпыз ба деп. Эго бар жерде мейірім жоқ. Сенің 
өз эгоңды өшіре білуің өзгелерді бағалауыңа жол ашады. 
Мейірімді болу үшін эгоңды өшіруің керек.
Меніңше, өзіңді жақсы көру деген нәрсе өзгелерді 
жақсы көруді де қамтуы керек сияқты. Яғни, менің өзімді 
жақсы көруім өзгелерді жақсы көруіме көмектеседі 
дегендей. Мен өзімді жақсы көруім арқылы өзгелерді 
жақсы көре түсемін. Екеуі бір-біріне кедергі келтірмейді. 
Мысалы, бір психологтың әңгімесін естіп алған жас 
қыз-жігіттер ата-аналарына «менің өз шекарам бар, мен өз 
қалауымды орындаймын, өміріме араласпаңдар» деп шыға 
келуі мүмкін. Үлкеннің көңіліне қарау, мейірім таныту деген 
мәселені қарастырмайды да.
Сөйтіп ол өз дегенін жасайды. Енді ойлап көрейікші, 
осы әрекетті жасау арқылы ол өзгені, яғни, ата-анасын 


47
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
жақсы көріп тұр ма? Әлде тек эгосын семіртіп тұр ма? Ал 
былай істесе ше: мен ата-анама қызмет етейін, олардың 
көңіліне қуаныш сыйлауды ойлайын. Сол арқылы олардың 
мейірімге мұқтаждығын өтейін. 
Негізі үлкен кісілер қартайған сайын бала сияқты 
бола бостайды. Мейірімге, көңілге мұқтаж бола бастайды. 
Осылайша сен олардың жүрегін жылытасың, көңілін 
жібітесің. Батасын аласың. Өзіңді сүйікті сезінесің, біреуге 
керек екеніңді түсінесің. Өзіңді басқаша жақсы көре 
бастайсың. Сосын өз дегеніңді жасай берсең болады. 
Осылайша сенің өзіңді жақсы көргеніңнен ешкім зардап 
шекпеуі керек. Егер сенің өзіңді жақсы көргеніңнен біреу 
зардап шегіп жатса, онда тактикаңды өзгертіп көруің керек 
шығар. 
Әйел әлемдегі мейірімнің алтын қазығы деп 
ойлаймын. Отбасындағы жылулық, адамдармен қарым-
қатынастағы гармония бәрі мейірімнен басталады. 
Мейірімділікті мынадай ситуациядан көруге болады: 
Бір маңызды кездесуге асығып бара жатасың. Жолда 
бір апа «қызым, аптекадан дәрі алып бересің бе, көзім 
көрмей тұр» деп өтініш айтады. Сен болсаң асығып тұрсың. 
Мейірімділік болмысына айналған қыз ойланбастан апаның 
өтінішін орындайды. Әлі мейірімділігі пісіп-жетілмеген қыз 
«апа, кешіріңізші, асығып тұр едім» деп өтіп кетуі мүмкін. 
Ал мүлдем мейірімсіз қыз естімегендей, көрмегендей 
жүре береді. Тіпті «басқа біреуден сұраңыз немесе барып 
өзіңіз алыңыз, бала-шағаңыз қайда, солар қарамай ма?» 
деуі мүмкін. Ондай мейірімсіз қыздарды кездестірмеппін 
немесе есімде жоқ. 
Жалпы қызға асығу деген нәрсе жараспайды. 


48
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
II БӨЛІМ
Асыққан қыз стреске түседі. Стрестегі адам ішкі 
гармониясын жоғалтады. Ішкі гармония бұзылса, өзге 
тұрмақ, өзіңе де мейірім нұрын төге алмайсың. Өз-өзіңе 
мейірімді болу деген тақырып шығады осы жерден. Бұл енді 
бөлек тақырып.


49
Қыздың бойынан т
абылуы к
ерек ең бірінші қ
асие
т
III БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет