38
Екінші ж
ар
тың
ды инт
ерне
т арқылы т
аб
уғ
а бо
ла ма?
II БӨЛІМ
табады.
Сөз соңында айтарым, екінші жартыңды интернет
арқылы ма, басқаша ма, іздесең, басты ниетің
отбасын құру
болсын. Қыз бен жігіт боп жүре тұру үшін, уақытты өткізу
үшін болған қарым-қатынастың ешқайсы жақсылыққа
апармайды. Ниетіміз түзу, ісіміз тура болсын.
Қазір онлайн өмір адамның өмірінің бір
бөлігіне
айналып кеткен ғой. Онлайн/оффлайн өмірдің арасындағы
шекара өшіп бара жатыр. Күнде сторизден көріп жүрген
блогерің туысқаныңдай боп кетеді. Мен
тіпті мынадай
нәрсені байқадым: онлайн бір адамды бақылап жүремін.
Кейін тірідей алғаш рет кездескенде бұрыннан таныс
адамша емін-еркін сөйлесіп кетеміз. Қызық иә?
Мен Динармен басында онлайн сөйлесе бастағам. Оған
дейін оны барлық әлеуметтік желілерде сырттай зерттегем.
Сосын тірідей кездестік.
«Онлайн» деп шошудың қажеті жоқ. Ең бастысы,
онлайн өмір сенің шын өміріңнің көлеңкесі болсын. Әдетте
онлайнда белсенді боп жүрген қыздар тірідей сөйлесе
қалсаң, ұялып, үндемейтін боп шыға келеді. Өмірде
белсенді болсаң, онлайнда да соны көрсет. Бірақ
керісінше
өзіңде жоқ қасиеттерді онлайнда көрсетіп, көзбояушылық
жасама.