I бөлім не үшін үйлену керек?


Сұрақ: Ал қыздың сенде көңілі бар не жоғын қалай



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Сұрақ: Ал қыздың сенде көңілі бар не жоғын қалай 
білуге болады?
Жауап: Оңың көңілін аңди берсең, үйленбей қаласың. 
Ұнай ма, жарың ретінде, балаларыңның анасы ретінде 


87
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
көресің бе, онда тек қана алға! Барыңды салсаң, тек соны 
қалайтыныңды дәлелдесең, қыз да көнеді ғой. Кейін 
немерелеріңді бағып отқанда ”мен мұны жақсы көрем бе, 
жоқ па?” деп сол кезде ойласын.
Сұрақ: Қыз бен жігіт дос болса, достықтан басқа 
араларында бірдеңе бола ма?
Жауап: Өз басым «қыз бен жігіттің арасында достық 
болады» дегенге сенбеймін. Сол өзіңіз айтқан «бірдеңе» 
басталып кетеді. Ерлан Жүністің сөзімен айтсам:
«Жылай да жылай жастық сарғайды,
Жасық та дұшпан —әр тайса.
...Жігіт пен қызда достық болмайды,
Болады, бәлкім қартайса...»
Сұрақ: Жек көремін, бірақ оны кейде іздеймін. Қалай 
ойлайсыз? Бұл не сезім?
Жауап: Бұл орысша айтқанда, “привязанность” деп 
ойлаймын. Жасыңыз әлі 20-ға толмаған сияқты, иә? Адам 
кейде бір адамды жақсы көрем деп ойлайды. Ал шын 
мәнінде ол сол адамға емес, сол адамды еске салатын 
образға ғашық. Жүрегі оған дұрыс жауапты айтып тұрса 
да, ол ақылымен «жақсы көрем» деп, өзін-өзі көндіре 
бастайды. Негізі жүректі тыңдай білу керек. Әйтпесе жүрек 
үнін ести алмай қалатын деңгейге жетесіз.
Сұрақ: Өзіңді сүйгенді ме әлде өзің сүйгенді таңдаған 
дұрыс па?


88
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
Жауап: Жігіт болсаңыз, өз сүйгеніңізді таңдаңыз. Қыз 
болсаңыз, өзіңізді сүйгенді таңдаңыз. Қателеспесем, 
Ақұштап Бaйқтыгереева апамыз осы жайлы былай деп 
жырлаған еді: 
«Болмау керек сүюдің жолы жаңа,
Қыз үлесі қашанда болу ана.
«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер,
Өзі сүю қыздардың соры ғана.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет