I бөлім не үшін үйлену керек?


Сұрақ: Қыз бен жігіт болып жүрген дұрыс деп



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Сұрақ: Қыз бен жігіт болып жүрген дұрыс деп 
ойлайсыз ба? Әлде бірден үйленген бе?
Жауап: Дұрыс емес деп ойлаймын. Мысалы, қызды айфон 
деп алайық. Затқа теңедім деп сөкпессіз. Жай мысал 
ғой. Біреу кеп айтса «Айфоныңды қолдана тұрайын, 
ұнаса аламын, ұнамаса алмаймын» деп. Жаман ғой, иә? 
Ол жігітке айту керек: «Алатын болсаң, сатып ал!» деп. 
Былайша айтқанда, үйлен. Сонда оның қадірі, құны болады.
Сұрақ: Алла бұл сенің өмірлік жарың екенін сездіруі 
мүмкін бе?
Жауап: Иә. Сол жанды кездестіргенде, жүректе бір сенім 
пайда болады. «Іздеп жүргенім міне осы» дегендей. Бір 
жиналмай тұрған пазлдың бөлшектері бәрі өз орнына тұра 
қалғандай. Ағаларым, достарым да осы күйді кешкен. Бұл 
енді жігіттерде болатын күй. Қыздарда қалай болатынын 
білмедім. «Күрделі» жаратылыс қой олар)
Cұрақ: Ата-ананың таңдағанына үйлену 
қаншалықты дұрыс, үлкендер біледі деп айтады?


89
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
Жауап: Бір жақты жауап беру қиын. Егер ата-анасы 
баласымен сырласпаса, қайда барып, кіммен дос боп 
жүргенін, неге қызығатынын білмесе, сөйтіп «бәленшеге 
үйленесің» десе, әрине, бұл орынсыз, баланың бақытын 
бағаламау. Тұрсынбектің Ләйлә Сұлтанқызына берген 
сұқбатын тыңдадыңыздар ма? Тұрсынбек «мен 
қыздарыммен қатты сырласамын, олар да маған бар мұңын 
айта алады. Мен оларға өскенде сендерге өзім күйеу тауып 
берем» деймін. Олар да «иә, таңдап берген адамыңызға 
күйеуге шығамыз» дейді» деп айтқан еді. Міне, әке деген 
осындай болуы керек. Қазір мұндай ата-аналар аз.
Cұрақ: Қыздың келісімін алып, ата-анасының 
алдынан өтпей-ақ отбасын құру туралы ойыңыз?
Жауап: Ата-ананың рұқсатын, ақ батасын алмай-ақ отбасын 
құра аласың. Бірақ ондай отбасында береке болмайды. 
«Алланың разылығы ата-ананың разылығында.» Ата-
ананың қарғысы деген жаман. Бір ұстазым айтып еді: 
«Қатыны бала көтермейді. Сосын маған кеп тұр. Дұға 
жасаңызшы деп. Сөйтіп сұрастырсам, бұл жігіт кезінде 
анасын ренжітіпті. Бата сұрасаң, ата-анаңнан барып сұра» 
деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет