Сұрақ: Қыз бен жігіт болып жүрген дұрыс деп ойлайсыз ба? Әлде бірден үйленген бе? Жауап: Дұрыс емес деп ойлаймын. Мысалы, қызды айфон
деп алайық. Затқа теңедім деп сөкпессіз. Жай мысал
ғой. Біреу кеп айтса «Айфоныңды қолдана тұрайын,
ұнаса аламын, ұнамаса алмаймын» деп. Жаман ғой, иә?
Ол жігітке айту керек: «Алатын болсаң, сатып ал!» деп.
Былайша айтқанда, үйлен. Сонда оның қадірі, құны болады.
Сұрақ: Алла бұл сенің өмірлік жарың екенін сездіруі мүмкін бе? Жауап: Иә. Сол жанды кездестіргенде, жүректе бір сенім
пайда болады. «Іздеп жүргенім міне осы» дегендей. Бір
жиналмай тұрған пазлдың бөлшектері бәрі өз орнына тұра
қалғандай. Ағаларым, достарым да осы күйді кешкен. Бұл
енді жігіттерде болатын күй. Қыздарда қалай болатынын
білмедім. «Күрделі» жаратылыс қой олар)