I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет27/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

5.Физикалық қарым-қатынас
 
Сүю, құшақтау, қолынан ұстау, арқасынан қағу – 
махаббатты жеткізудің тағы бір жолы. Кейде көп сөзден 
гөрі, жұбайыңды жақын тартып, оны құшақтау көп әсер 
береді. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын) өмірінен ол кісінің осындай физикалық 
қарым-қатынас арқылы жұбайларын қолдап, сезімін 
білдіргенін көреміз. Мәселен, бір сапарда жұбайы 
Сафияның (Оған Алла разы болсын) жылап отырғанын 
көріп, жанына барып, қолымен жасын сүртіп, барынша 
жұбатады. Сондай-ақ сүйікті жұбайы, асыл анамыз 
Айшаның (Оған Алла разы болсын) тіпті ол хайыз күйінде 
болған кезінде де тізесіне басын қойып жататын. Сол 
күйде Құран оқыған кездері де болған. Алла Елшісі (Оған 
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайын жиі сүйетін 
болған, тіпті ораза ұстап жүрген кезде де сүйген.
 
Махаббаттың негізгі бес тілі, қысқаша айтқанда, 
осы. Суи бастаған сезімді қайта жандандырып, махаббат 
жалынын қайта маздату адамның өзіне байланысты. 
Махаббат аспаннан сап етіп түсе салмайды, бәлкім, еңбекті, 
күш салуды, тұрақтылықты қажет етеді. 
 
Біреудің махаббат тілін құрметтеу оны қалай 
бақытты етсе, керісінше, оған немқұрайлы қарау оны солай 
жаралайды. Мысалы, менің әйелім «қыдырайықшы» деп 
жиі айтады. Оның тілі – сапалы уақыт. Егер бір жаққа шығып 
тұрмасақ, бұл оның көңілін қатты түсіреді.
 
Жұбайыңның махаббат тілін тани біл, оны меңгеруге 


68
Ер мен әйе
лдің мен біле
тін к
ейбір псих
ологиялық ерекше
лік
тері
III БӨЛІМ
барыңды сал. Сол арқылы жан жарыңның эмоционалдық 
ыдысын махаббатқа толтыр. Сонда ол өзін сүйікті 
сезініп, сені де сүйікті етуге асығады. Бұл – отбасындағы 
гармонияға қол жеткізіп, бақыт құшағында ғұмыр кешуге 
апаратын бірден-бір жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет