I бөлім не үшін үйлену керек?


Ер мен әйелдің мен білетін кейбір психологиялық



Pdf көрінісі
бет28/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Ер мен әйелдің мен білетін кейбір психологиялық 
ерекшеліктері
 
Мен 26 жасымда үйленсем де, ер мен әйел 
психологиясын зерттеуді ертерек бастаған едім. 
Шамамен 23 жасымда. Оған дейін менің басыма екеуінің 
психологиясы екі түрлі деген ой кіріп шықпайтын. Меніңше, 
үйленуге ниет қылған әрбір қыз-жігіт ер мен әйел 
психологиясы жайлы кітаптар оқып, бұл тақырыпты зерттеуі 
керек. Сонда көп проблеманың алдын алады, кикілжің, 
түсініспеушілік деген нәрселер оңай шешіледі.
 
Үйленгенге дейінгі 3 жыл, үйленгеннен кейінгі 3 жыл 
— бас аяғы 6 жылдық ер мен әйел психологиясын зерттеу 
тәжірибеме сүйеніп, өзім білетін кейбір ерекшеліктерін 
айтып берсем деймін. Сен де уақыт үнемдейсің, мен 
жасаған қателіктерді жасамайсың.
 
Бір ойшыл кісі әйел затын былай деп сипаттап еді: 
«Әйелге кішкентай нәрсені үлкейту қасиеті тән. Сен оған 
шөп-шалаң әкелсең, ол оны әдемі салатқа айналдырады. 
Сен оған жылы сөзіңді арнасаң, ол саған жүрегін береді. 
Сенің беліңдегі кішкентай ұрық оның жатырында сәбиге 
айналады. Бірақ бұның екінші жағы да бар: кішкентай иттік 


69
Ер мен әйе
лдің мен біле
тін к
ейбір псих
ологиялық ерекше
лік
тері
III БӨЛІМ
жасап қойсаң, басыңа үлкен қара бұлт төнді дей бер». 
Сол үшін «әйеліңе барынша жақсылық жасап жүр» дегім 
келеді)
 
Нәзік жандылар мен жігіттердің есептеу жүйесі 
де екі түрлі. Мысалы, ер адам әйелін қуантқысы кеп 101 
раушан гүлін сыйлайды да, масаттанып қалады. Үлкен 
іс бітірдім, былайша айтқанда, 101 ұпай жинадым, енді 
біраз уақыт босаңсысам болады деп ойлайды. Бірақ әйел 
адам басқаша есептейді. Сен оған 1 гүл ұстатсаң да, 101 
гүл сыйласаң да, ол оны +1 деп есептейді. Яғни, көп ұпай 
жинағың келсе, аз-аздан бірақ тұрақты сыйлық жасап 
отыру тиімдірек. 52 апта бойы кішкентай сыйлық жасап 
отырсаң, 52 ұпай жинайсың. Ал бір-ақ күнде, мысалы, туған 
күнінде немесе 8-наурызда қандай үлкен сыйлық жасасаң 
да, 1-ақ ұпай жинайсың. Ойланып көр.
 
Тағы байқаған нәрсем: әйел көп жағдайда сөйлеп 
ойланады, ал еркек керісінше ойланып барып, сосын 
сөйлейді. Яғни, әйелдің айтып жатқанын соңғы шешім деп 
қабылдап қалма. Отбасылық өмірден бір мысал келтірейін. 
Ерлі-зайыптылар жазда көл жағасында демалуды 
жоспарлап отырады. Әйелі «Каспийге барсақ жақсы болар 
еді. Ол жақта әлі болмаппыз» дейді. Сөйтіп күйеуі билет 
бағасын, пансионаттар жайлы ақпаратты іздей бастайды. 
Тезірек нәтижеге жетуді ойлап, кірісіп кетеді. Ертесіне 
әйеліне «Демалатын жер тауып қойдым. Мынадай да 
мынадай жақсы жер бар екен. Бәленше күні шығып кетеміз, 
т.б.» деп айта бастайды. Сол кезде әйелі «Негізі Алакөл де 
жақсы вариант еді. Сол жаққа барайық» дейді. Қаншама 
уақытын Каспий сапарын жоспарлауға жұмсаған күйеуінің 
мұны қалай қабылдайтынын елестете бер. Ашуға булығып 
кететіні сөзсіз. Бірақ бұл —психология. Әйел осындай 


70
Ер мен әйе
лдің мен біле
тін к
ейбір псих
ологиялық ерекше
лік
тері
III БӨЛІМ
психологиясымен қызық емес пе?)
 
«Қыздың жоқ дегені шынымен жоқ дегенді 
білдірмейді» деуші еді ғой. Бұл сөздің жаны бар. Құда түсіп 
келген немесе сөйлесіп жүрген жігітке қызы «жоқ» немесе 
«дос боп қалайық» десе, мұның себебіне қарау керек. 
Көп жағдайда қыз жоғарыда айтқандай сөйлеп ойланып 
отыруы мүмкін. Яғни, оның сөзі соңғы шешімі емес, бәлкім 
қазір ретке келтіре алмай жүрген көп ойларының бірі болуы 
мүмкін.
 
Сөйлеу дегеннен шығады, әйел проблемасы 
болғанда сөйлесетін адам іздейді. Ол сөйлеу, сөйлесу 
арқылы жеңілдеп қалады. Ал ерке керісінше проблемасы 
болғанда өз «үңгіріне» кіріп алып, ешкім сөйлескісі 
келмейді. Бұны ерлі-зайыптылар жақсы түсінуі керек. 
Әйелің «сөйлесейікші»  деп тоқтамай сөйлей бастаса, сен 
оны «мынау менің миымды жейін деп жатыр» деп ойлама. 
Жай тыңда. Болды. Оған дәл қазір біреудің тыңдағаны 
керек боп тұр. Сөйтіп өзі-ақ шешімін тауып алады. 
 
Ал қыздарға айтарым. Кейін күйеуің оңашаланып, 
сөйлескісі келмей жатса, оған тиіспе. Ол проблемасын 
қорытуы үшін, өз-өзіне келуі үшін оған тыныштық керек. Өз 
үңгірінде жата тұрсын.
 
Әйел адам көп жағдайда бір нәрсенің практикалық 
жағын көре біледі. Ер адам қиялдап, қол жетпейтін нәрсені 
ойлап кетуі мүмкін. Мысалы, бір бизнес идеясын айтып, 
әлемді бағындыру стратегиясы жайлы сөз қозғай береді. 
Сол кезде әйелі «Мына балалардың мектебін ауыстыру 
керек», «келесі аптада туысқандарды шақыру керек, 
көп болды араласпай кеткелі» деп маңызды нәрселерді 
айтады. Былайша айтқанда, еркек «дальный фарды» қосып 


71
Ер мен әйе
лдің мен біле
тін к
ейбір псих
ологиялық ерекше
лік
тері
III БӨЛІМ
қойып, әйел адам «ближний фарды» қосады. Алысқа қарап 
келе жатып, дәл алдыңда жатқан тасты байқамай қалсаң, 
жаман ғой. Қонаққа барғанда да әйел адамдар «ана 
торттың рецепті қандай?», «балаңды қай садикке апарып 
жүрсің?» дегендей практикалық мәселелерді қозғайды. 
Ал ер адамдар саясат, т.б. практикалық пайдасы жоқ 
нәрселерді талқылайды.
 
Жалпы ер мен әйелдің психологиясы екі түрлі 
болғаны қандай керемет дейім дә. Бір-бірін түсінем деп 
талап қылып, даналыққа жете алады. Иә, отбасылық өмірде 
даналық керек. «Қабақпен қорқытып, әйелімді ашсам 
алақанымда, жұмсам жұдырығымда ұстаймын» дейтін 
жігіттерге айтарым: сенің сондай қылығыңа шыдаса, 
ол қызда психологиялық травма бар деген сөз. Сендегі 
травманы айтпай-ақ қояйын. Әйелді қабақпен емес, 
даналықпен «ұстау» керек. 
 
Қажет болса, ол дауыс көтеріп, эмоциясын шығарса, 
үндеме. Оған «ә» десе, «мә» деп, дауласып, бірдеңе 
дәлелдеуге тырыспа. Әйелмен әйел болып дауласқан 
күні сен оның алдындағы абырой мен мәртебеңнен 
айырыласың. Мен қазір қол көтеру жайлы да айтып тұрған 
жоқпын. Қандай ситуация болса да, жігіт боп, еркек боп қал. 
Сөзіңде тұр, отбасы алдындағы жауапкершілігіңді толық 
орында, принциптеріңе берік бол. Сонда ашуы тарқаған 
әйелің сені одан сайын құрметтей түседі. Абыройың артады.
 
Айта берсе, әңгімеміз таусылмайтын сияқты. Сөзімді 
бір өлеңіммен аяқтасам деп тұрмын. Кішігірім тәпсірін де 
жаза кетейін. «Мен әлемді көрмеймін сен сияқты» деген 
өлең ғой. Аттас жыр жинағым да бар. Өлең:


72
Ер мен әйе
лдің мен біле
тін к
ейбір псих
ологиялық ерекше
лік
тері
III БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет