Құзірет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзіреттілік
Байланысты: І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа
Құзірет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзіреттілік – оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін менгерумен анықталатын білім беру нәтижесі.
Ш.Т.Таубаева жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:
1. Өзінің ішкі әлеуетін асыруға қабілеті (даярылғы) мен ынталылығы.
2. Табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыруға қабілеті.
3. Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылығын жәнеи жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы
Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзыреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзыреттілікке көп көңіл аударады. Л.М.Митина өз зерттеулеріне «педагогиқалық құзыреттілік» ұғымының «білім, білік, дағдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін»қамтитынын ашып көрсетеді.
Кәсіби құзыреттілік мәселесі халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған.
В.А.Сластениннің. М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзыреттілігі іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлықтарының бірлігі.