І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті



бет11/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
3.3. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтар мәдениет ұғымымен анықталады. Тұлға мәдениеті қазіргі зетрттеуші-ғалымдардың пікірінше мынандай бағыттар қамтиды:
-ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу;
-материалдық құндылықтарға қарағанда рухани құндылықтарды бағалай білу;
-жан-жақты дамыған, қызығушылықтары кең, рухани қажеттіліктеріне сай ұстанымдарын қалыптастыру;
-өз Отанының, туған өлкенің даму тарихын, халық салт-дәстүрлерін, ауыз әдебиеттерін, халық өнерін бағалай білу;
-мәдениеттің барлық саласынан хабардар болып, ондағы шығармашылықты бағалай білу керек;
-әр маман өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен даму мәдениетін меңгеруі қажет;
Жеке тұлға бір шетінен мәдениет туындысы болса, екінші жағынан мәдениетті жасаушы, өңдеуші, түрлендіруші, қалыптастырушы ретінде қарастырылады. Мәдениетті меңгеру арқылы жеке тұлғаның құндылықтары қалыптасады.
Мәдениет кеңістігінде әр жеке тұлғаның өмірге деген қатынасы арқылы оның рухани құндылықтары, өмірлік ұстанымдары айқын көрініс тауып, өзінің құндылықтық бағдары мен қабілеттеріне сай бір кәсіби саланы таңдайды. Осыдан кез келген кәсіптің өзіндік құрылымы бар екенін аңғаруға болады: кәсіби іс-әрекет пәні, құралы, нәтижесі. Әр кәсіби іс-әрекет өзіндік мақсаты, мазмұны, міндеті, құндылығы, әдістерімен ерекшеленеді. Бір кәсіп төңірегінде қызығушылықтары, бейімділіктері, ұқсас адамдар, бір кәсіпті таңдап, бір кәсіби топ мүшелері атанады.
Кәсіби мәдениет белгілі бір кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдана алу дәрежесімен анықталады. Мұғалімдік іс-әрекеттің ерекшеліктеріне байланысты жалпы мәдениеттің маңызды бір бөлігі – педагогикалық мәдениет.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізінде кәсіби педагогикалық мәдениеттің құрылымына аксиологиялық, технологиялық, және жеке тұлғалық шығармашылық компоненттер кіреді.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компонентіне сан ғасырлар бойы қалыптасқан құнды тәлім-тәрбиелік идеялар мен гуманистік тұжырымдамалар, педагогикалық құндылықтар жиынтығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет