І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз -



бет68/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94
Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз - этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы, сондай-ақ, отбасы, ру, тайпа, халық, негізінде моралдық-этикалық және эстетикалық дүниетанымдарының қалыптасуына қоғамның өз санасының дамуына сәйкес, болмысты қайта құру мақсатында этникалық топтардың бала тәрбиелеу және оқытудағы эмпирикалық тәжірибесінің тарихы мен теориясын зерттеу және талдау әдістері туралы ілім.Бұл ғылымның бұдан әрі табысты дамуы оның әлемнің заманауи сипатымен қаншалықты байланысты екендігімен анықталады.
Қазақ ұлты ұлт болып, саяси бостандықты баянды ету үшін оның жан дүниесі мн жүрегі ұлттың терең тарихынан өрбіген білім мен тәрбиеге сусындап,өзін өзгеден кем көрмейтін,өз мәртебесін түсінетін болып өскені,өзін-өзі толық танығаны,мына жаһандану заманында ұлттық білім мен тәрбие мазмұнын ертеңге интеллектуалдық ұлттың меңгеруі дағдарысты еңсеруге даяр болуы бірден бір төте жол болмақ.
5. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама:білім беру стандарттары,базистік оқу жоспары,оқу жоспарлары,оқу бағдарламалыры,оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер(ОӘК). Білім беру стандарты-мектеп бітіруші түлектің жалпы білім беру дайындығына қойылатын талаптардың міндетті деңгейі және осы талаптарға сай әдістер, оқу мен бақылау құралдары, түрлері мен мазмұны. Ол «мөлшер», «үлгі», «өлшеуіш» дегенді білдіреді. Білім беру стандарты, бір жағынан, мемлекеттің өз азаматтары алдындағы міндеттемесі болса, екіншіден –білім беру саласында азаматтың мемлекет алдындағы міндеттемесі. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - бұл мектепте оқытылатын пәндердің тізімін, олардың оқу жылдарына бөлінуін және әрбір пәнге бөлінетін сағаттар санын көрсететін құжат.Білім беру мекмелерінің негізгі оқу жоспары –білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттарының құрамдас бір бөлігі.
Негізгі мемлекеттік нормативтік құжаты. Оны негізгі мектепке арналған стандарттың бөлігі ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі бекітеді.Үлгі болатын базистік оқу жоспарын да Білім және ғылым министірлігі бекітеді. Негізгі оқу жоспарын мемлекеттік стандарттың бөлігі ретінде оқушының білім деңгейі мен мазмұны,құрылымына талап қоятын жалпы орта білім берудің мемлекеттік мөлшерін білдіреді.Негізгі оқу жоспары аймақтық, жалпылама-үлгі,жұмыстық оқу жоспарына арқау болып,мектептің қаржылануында басты құжат бола алады.
Аймақтық базистік оқу жоспарын мемлекеттік базистік оқу жоспарына сүйеніп,білім беру басқармасының аймақтық органдары жасайды.Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітіліп,ұсыныс сипатында болады.
Оқу бағдарламасы - жекелеген әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті негізгі білім,дағдылар шеңбері белгіленетін нормативтік құжат. Онда оқытылатын материал тақырыптарының тізімі әрбір тақырыпқа берілген уақыт,сағат саны бойынша және оларды оқытылатын жылдарға бөлу,курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар енгізілген. Оқу бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс табады. Оқулықтар мен оқу құралдары негізгі білім көзі болып табылады және оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға маңызы зор.Оқулық оқушыны оқуға үйретуі керек,ол үшін берілетін материал көлемі қысқа да нұсқа,ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт.
2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелектері:
-пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі,яғни білім мен біліктерді тігінен,сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
-пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерархиясы;
-білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау,бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
-білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды,сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
-бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы,әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
-оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үш тілді білім беру іске асыру көзделген.Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет