І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет65/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
1. «Білім мазмұны» ұғымы. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында «білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландыруда нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу» - деп атап көрсетілген. Қазіргі заманғы білім парадигмасына сәйкес білім беру жүйесін өзгерту, білім мазсұнын жаңарту мәселеге айналып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім Заңында: «Білім беру мазмұны – жеке адам біліктілігі мен жан - жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады».
XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысынан бастап, жалпы орта білім беру мазмұны теориясын жасау саласында жаңа зерттеулр басталды. Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны түсінігін нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я. Лернер маңызды үлес қосты. Оның жасаған тұжырымдамасы бойынша, білім мазмұны әлеуметтік тәжірибеге сәйкес және білімдер, дағдылардан басқа шығармашылық әрекет тәжірибесін қамтиды. Білім мазмұнының аталмыш бөліктерінің арақатынасы тарихи сипатта және қоғам дамуының талаптарына орай өзгеріп отырады.
2. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны – педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Көрнекті педагог академик В.В. Краевский жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның теориясын жасаумен мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсетті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады; жалпы теориялық түсінік; оқу пәні; оқы материалы; оқу үдерісі және тұлғаның құрылымы. Бұл тұжырымда педагогика ғылымдары академиясының жалпы педагогика институтындағы В.В. Краевский және И.Я.Лернер жетекшілік еткен топ даярлаған білім беру мазмұны теориясының негізіне алынды. Ғалымдар жалпы орта білім беру мазмұнын қалыптастырудың ұғымдарын түзді. Біріншіден, жалпы орта білім беру мазмұнының барлық бөліктерімен және барлық деңгейлерде қоғам талаптарына сәйкес ұстанымы. Екіншіден, оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігін есепке алу ұстанымы; үшіншіден білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлерінде оқыту үдерісінде іске асуының нақты қалыптарына жылжуда да құрылымдық бірлігінің сақталу ұстанымы. Зерттеу барысында жалпы орта білім беру мазмұнының қалыптасу деңгейлері түсінігі пайда болды. Түсініктің жалпыдан жекеге жылжу логикасына сәйкес авторлар мына деңгейлерді анықтады: жалпы теориялық түсінік деңгейі (жас ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибенің құрамы, элементтер) және қоғамдық қызметтері туралы кең таратылған түсінік, оқу пәні деңгейі; жалпы білім беруде арнайы қызметтер атқаратын мазмұнның белгілі бір бөлігі туралы кең таратылған түсінік; белгілі бір пән бойынша оқулықтарда, есептер жинағында және басқа оқу материалдарында көрсетілген білім мазмұнының элементтерін қамтитын оқу материалы деңгейі.
Білім беру мазмұны оқытуда іске асырыла отырып, келесі деңгейге көшеді. Төртінші деңгей – оқыту үдерісіне ендірілген нақты білім мазмұнын көрсететін педагогикалық болмыс деңгейі. Ең соңында, бесінші деңгей – тұлға құрылымы деңгейі білім беру мазмұнының оқушы санасында қалыптасқан күйін сипаттайды.
«Оқытудың мазмұндық және үдерістік жақтарының бірлігі ұстанымдық деңгейде маңызды», - деп көрсеткен.
Бұл кезеңде Ресей Федерациясы Педагогика ғылымдар академиясының жалпы педагогика институтының дидактика зертханасында М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевский, М.Шахмаевпен бірге «Жалпы орта білім беру дидактикасы» атты ғылыми мектептің негізін салды. Ғылыми мектептің жетістіктерін былайша сипаттауға болады:
Олар:

  • Білім беру мазмұны теориясының мәдениеттанушылық тұжырымдамасы, оның құрамына білім беру мазмұнының көзі әлеуметтік тәжірибе екендігі;

  • Білім беру мазмұнының қалыптастыру деңгейлері; пәнге дейінгі, пәндік оқу материалы, білім беру практикасы; білім беру мазмұнының құрылымдық элементтері;

  • Нәтижелері білімдер болып табылатын тынмдық әрекет тәжірибесі; үлгі бойынша әрекет етуді көрсететін әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; мәселелеік жағдаяттарда ерекше шешім қабылдау біліктіліктері түріндегі шығармашылық әрекеттәжірибесі; сезімдік-құндылық қарым-қатынасты жүзеге асыру тәжірибесі туралы түсініктер енеді;

Зерттеушілер білім мазмұнын анықтау үшін негізгі үш шартты: біріншіден, ғылымның дамушы салаларын түсінуге және меңгеруге,сондай-ақ соған сәйкес дағдылар мен іскерліктерді игеруге қажетті, жеткілікті деңгейде тұрақты іргелі және қолданбалы білімдердің кейбір көлемдерін анықтау; екіншіден, ғылым мен техниканың сәйкес салаларының негізгі бағыттарын, идеяларын және қарқынын анықтау; үшіншіден, студенттердің жалпы және ғылыми дамуының деңгейіне, олардың дүниетанымына және қөзқарастарына қойылатын нақты талаптарды ұсынуды қарастырады.
Білім мазмұны мен оқыту пәні бір-бірімен мақсат пен құрал ретінде байланыста болады. Оқу пәні мен ғылым негіздері –біртұтас ұғым, ал оның құрамдас бөлігі болып табылатын “оқу пәні” құрамы және жүйесі жағынан мазмұны мен үдерістен құрылған.Оқу пәні 2 блоктан тұрады: негізгісі- мазмұн мен құралдар блогы, немесе,үдеріс блогы.
Оқу пәндері мазмұндағы жетекші компоненттік рөл атқаратын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет