І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастырудың дара түрі



бет78/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастырудың дара түрі. Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен мен оқу мүмкіншіліне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орындайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама реферат, баяндама даярлау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолданылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшелінеді. Алғашқысы – жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі – оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып табылады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлығына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:

  • сынып оқушыларыны сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;

  • әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғалімнің басқаруымен шешеді.

  • Топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара

бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүмкіндіктері ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топтың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін-бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқуышылардан құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семинар-сабақ, бинарлы-сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет