І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет79/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94
20 тақырып. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

  1. Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік.

  2. Оқыту әдістерінің жіктемесі.

  3. Оқытудың интербелсенді әдістері.



1. Оқыту әдісі туралы жалпы түсінік. Мұғалім мен мектеп жұмысының табысты болуы оқыту әдісіне байланысты бірнеше ондаған жылдар бойы пән теориясы мен жекелеген пәндерді оқыту туралы зертеулер жүргізіліп келеді. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үдерісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушы қызмет түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдістемесі деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді – ол түсіндіргенді қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді – бұл жұмыс әдісі, мұғалім сабақта көрнекілік материал қолданады – иллюстрация әдісі т.с.сс
Е.И.Перовский, Н.М.Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов, Б ̴ оқыту әдістерін білім алу әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білік, дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я. Голант әдістерінің 2 тобын көрсетуді ұсынды: активті (белсенді) және пассивті оқыту әдістері. Тілдік әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін: дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруіне қарамастан, көптеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілі деп қарастыруда.
«Метод» (әдіс) термині – гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практикада мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы қызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру, оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты бойынша:

  1. Мұғалім қызметінің оқыту тәсілі мен лқушы әрекетінің оқу әрекеті, лолардың өзара байланысы.

  2. Оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.

Оқыту әдісі – мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқытудың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет