І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет81/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
2. Оқыту әдістерінің жіктемесі. Қазіргі кездегі дидактиканың өткір мәселесінің бірі- оқыту әдістерінің жіктеу. Бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ. Дәл қазір жіктеудің негізгі тәсілдері бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және оқушылардың жұмыс әдісіне (жаттығулар, өздік жұмыс) т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);
в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады).
Оқытудың сөздік әдісі – оқыту әдістері жүйесінде жетекші дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, «белсенді емес» деп жиі айтып жүр. Сөздік әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жанжандырады.
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, пікірталас, дәріс, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жеткізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.
Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мектеп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиімдірек.
Хабарлама-әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушының өзін жаңа білімді игеру үдерісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалімнің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұғалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қорытындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет