І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Педагогикалық шығармашылық шығармашылық бірнеше кезеңдерден тұрады



бет13/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Педагогикалық шығармашылық шығармашылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.
2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жасау.
3. Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.
Педагогикалық шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін басқалардың озық тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталған білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі.
Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтің асқан шеберлігін айтады. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдық болса онда оны жаңашыл педагог деп атауға болады.
Сонымен, кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненттерін қысқаша мынандай ұғымдар тізбегі ретінде түйіндеуге болады: педагогикалық іс-әрекет мәдениеті, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, мұғаліснің тұлғалық мәдениеті. Осы ұғымдардың өзара үйлесімді ұштаса отырып, олардың мазмұнының жүзеге асырылуы кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жоғары дәрежедегі моделі болып табылады.
3.4. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік және педагогикалық шеберлік. Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім берудегі құзіреттілік мәселелері ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талқылануда.
«Құзірет», «құзіреттілік», ұғымдары бүгінгі педагогика саласындағы ғылыми айналымға салыстырмалы түрде жаңадан енген, терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан олардың анықтамасы да әр зерттеушімен әр-түрлі берілуде. Дегенмен көптеген анықтамалардың салыстырып талдау негізінде «құзіреттілік» ұғымына байланысты зерттеушілердің көзқарастарында бір ортақ пікірлер байқалады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзірет ұғымы (лат. Competentia – жетемін, лайықтымын) екі мағынада түсіндіріледі: заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері. Беглілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартына (2007 ж.) «құзіреттілік» және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет