І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет2/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Білім беру

Құндылық

Жүйе

Үдеріс және іс-әрекет

Нәтиже


Сурет1. – Білім беру ұғымының 4 негізгі аспектілері


Білім беру құндылық ретінде. Құндылық – кез-келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Құндылықтар әр ұлт үшін маңыздылығына байланысты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар деп ажыратылып қалыптастырылады. Ұлттық құндылықтарды меңгеру негізінде адам санасында жалпыадамзаттық құндылықтарға деген қатынастары қалыптасады. Олардың қатарына ұлттық және нәсілдік айырмашылықтарына қарамастан барлық адамдарға ортақ маңызы болып есептелетін құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Адам санасында аталған құндылықтарға деген көзқарас білім беру жүйесі арқылы қалыптасқаны анық. Білім беру мекемелерінде алған білімдері мен тәрбиесі арқылы әр адам әлеуметтік қатынастарға бейімделіп, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік алады. Сондықтан білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі. Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады: білім беру мемлекеттік құндылық; білім беру қоғамдағы құндылық; білім беру жеке тұлғалық құндылық.
Неліктен білім беру мемлекеттік құндылық болып саналады? Себебі кез келген мемлекеттің экономикасы, ғылыми-техникалық прогресі, ұлттық саясаты, экономикалық, мәдени, интеллектуалдық, адамгершілік әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіндігіне байланысты бағаланады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту - оның басты стратегиялық міндеттерінің бірі.
Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізе алады. Қоғам мүшелері өзекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық болып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берідің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын толық ашап көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойынша білім беруді дамыту саясаты әр жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта жүргізілуі керек. Білім беру жүйесі ретінде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы; 2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;
3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктураларының жиынтығы қарастырылады.
Сонымен, біріншіден, білім беру жүйесі тарихи қалыптасқан бір-бірімен сабақтасқан және біртіндеп бір-біріне ауысатын білім беру парадигмаларынан туындайды. Екіншіден, білім беру жүйесінің нәтижелері болашақта көрініс береді, себебі білім беру мекемелерінің түлектері өздері білім алған жағдайлардан өзгеше, жаңа жағдайда өмір сүріп іс-әрекетпен шұғылданады. Білім беру - үдеріс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні – мақсаттан нәтижеге қарай үдерісі. Үдеріс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus-қозғалу, жылжу)- бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп өзгеруі; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Білім беру – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас үдерісі. Бұл үрдіс барысында оқушы немесе студент оқу, тәрбие , даму үдерістеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық үдеріс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видеоқұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.
Білім беруді үдеріс және іс-әрекет ретінде жекеше қарастырудың себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен байланысты анықталмақ. Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық – білімділік – кәсіби құзыреттілік – мәдениет – діл (менталитет). Білім берудің нәтиже ретінде қарастырылуы оның мазмұнын кеңейте түспек. Оқу-танымдық үдеріс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді. Ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Мысалы, бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты – оның барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар, орта білімді, жоғары білімді адам деп аталатындарын көп естиміз. Білімділік – қажетті максимумға дейін жеткізілген қоғамдық және тұлғалық сауттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет