І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің сипаттамасы



бет5/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

2.3. Мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің сипаттамасы. Психологиялақ тұрғыдан қарастырғанда іс – әрекет – адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым – қатынас болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс – әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағыттаған белсенділік. Өзіндік жеке іс – әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс – әрекеттерге араласа. Іс – әрекеттің құрылымына мотив , мақсат, құрал , іс – қимылдар , нәтиже , бағалау, сияқты компонентері кіреді.
Педагогикалық – психологиялық ғылымдары саласында іс – әрекет теориясының дамуына С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.с.с психологтардың зерттеулері негізі болған.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше мақсат кез келген іс – әрекетің жүйе құрастырушы компоненті боліп табылады. Шынымен мақсатсыз іс – әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойылған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани , материалдық , әлеуметтік, табиғи – биологиялық қажеттіліктері кіреді.
Іс – қимылдар операциялар - іс – әрекеттің негізгі компонентерінің бірі. Кез келген іс – әрекет жүйелі орындалатын түрлі іс – қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жұру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, талдау, тұжырымдау ойлау операциялары да бар.
Іс – әрекет мақсатына қарай құралдары таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатын белгілі. Олардың өзі іс – әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары , ойын құралдары , тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс – әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыдағы аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Бағалау компоненті – іс – әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға орындаған іс – әрекеттік табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс – әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс – әрекеттің бірлігі бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды.
Мазмұны жағынан іс – әрекеттерді танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үндісі); коммуникативтік ( қарым – қатынас орната алу, тіл табыс алу үндістері); білім берушілік (басқаларға білім беру үндісі); өзгерушілік (қоғамды, өзің жетілдіру үндісі) болып ажыратылады. Әр – түрлі белгілеріне қарап педагогика – психология ғылымдарына іс – әрекеттердің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым – қатынас, еңбек, оқу іс – әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс – әрекеттің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектелуі бір саласын кәсіп деп аталады. Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымынын салыстырғанда қеңірек байқалады.
Педогогикалақ іс – әрекеттер – педагогикалық үрдісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамыту, өздерін іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына колайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс – әрекет. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыс байланысқан негізгі компоненттері.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет
3. Іс-әрекет субъект- субъектілік және субъект- субъектілік сипатта болады.
4. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет