І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет66/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

1. Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжірибе.
2. Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үрдісті ұйымдастыру түрлері.
Егер, білім мазмұнын білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні-білім мазмұнының бөлігі ретінде,ол да әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады.Оқу пәні-игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тәсілдерді ,олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу пәні-білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: мазмұгдық және үдерістік .
3. Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім түсінігі - өте күрделі және көпқырлы. Білім беру үрдісінде адам жинақтаған білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, оның ақылы мен сезімі дамиды, дүниеге қөзқарасы мен оның танымдық үдерістері қалыптасады.
Білімді адам көптүрлі фактілер мен құбылыстарды қарастыруға қажет жалпы тұғыр ретіндегі идеяларды, ұстанымдар мен әдістерді меңгергендіктен, дамыған қабілеттің жоғары деңгейі арқылы білімін жеке оқиғалардың көпшілігіне қолдана алады, көп білімді алып, тез әрі дұрыс ойлайды, түсінігі мен сезімі ізгілікті және жоғары бағыт алған болады. Демек, білім түсінігіне білімдер, дағдылар мен іскерліктер ғана емес, сондай-ақ сыни ойлау, жасампаз болу, айналадағы өтіп жатқан оқиғаларды адамгершілік тұрғысынан бағалау да енуі керек.
Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізінде дидактика жиырма бірінші ғасырдың оқыту жүйесінің мақсаттары мен мүдделерін нақты зерделеуде.
Ресей педагог-дидактары М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, Б.С.Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талаптар, жаңа оқыту технологияларын ғылыми тұрғыдан пайымдайды
Білім беру - қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты функциясы; тұлғаның мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды -машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі.Оқыту –дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынасы,іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет