І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады



бет76/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дейектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы « ауырлатуы» мүмкін. Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа,құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): кіріспе; тезис,дәйектер; тезис, дәйектер, қорытынды. Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет ( кіріспеде мәселе қойылады, қорытынды да автордың ойы нақтыланады).
Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулері аса маңызды. Сонымен, қатар эсседе сленгі, шаблонды разаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс. Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді.Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін.


19 тақырып. САБАҚ - ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ



  1. Қазіргі сабақтың теориясы.

  2. Сабақтың типологиясы және құрылымы.

  3. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальді формалары.



1. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ- нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада берілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды. Мұғалімнің сабақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етілді. 20- шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналады. 1919 жылы П.П.Блонский оқушылардың оқу жұмысын студиялық жүйе түрінде ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөлді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда немесе «өмірдің өзінде» жүргізіледі.Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет болса көмектесетін еді.Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдарламасы негізінде жасаған оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша жүргізіледі.Сынақ пен емтихан жүргізілмейді. П.П. Блонскийдің студиялық жүйесінің мықты және әлсіз тұстары болады.Мықтылығы оқушының өз бетінше белсенді жұмыс жүргізіп, сабақты ұжыммен бірге игеруінде болды.Әлсіз тұстары- мұғалім рөлінің төмендігі және ғылымның негіздері жүйелі оқытылмады.Сөз әдістеріне назар аударылып, оның абақта білім беруде маңызды құрал екені айтылды. Зерттеушілік әдісті қолдану шекарасы туралы әртүрлі пікірлер болды. Мәселен В.В Гурьянов ,зерттеушілік әдістің шынайы қолданыс табатынын мектептегі өлкетану жұмысымен байланыстырды.Ал М.Н.Скаткин зерттеушілік әдісті жаратылыстану ,химия ,қоғамтану пәндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті. 50- шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл –ойын дамыту бағыты дамыды.Осы кезеңде оқушылардың өзбетінше жұмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 60- шы жылдардың ортасында көрінді. 40-50- шы жылдары оқу-тәрбие үдерісіндегі сабақтың орны анықталды: сабақ- мектептегі оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақтыландырады, оның басшылығымен жүйелі білім,білік, дағды беріледі,уақыт үнемді пайдаланылады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім,білік, дағдыны игереді. Сабақта түрлі әдістер қолданылып дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкіндігін жүзеге асырады. Бұл қағида И.Т. Огородников пен П.Н.Шимбирев, И.Н. Казанцев, М.А.Данилев, Б.П.Есипов пен Д.О Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды. Сабақтың құрылымына сабақтың бөліктері мен оларға бөлінетін уақыттағы оны жүргізу тәртібіне назар аударылды. Дидактика сабақтың нақты құрылысын, сабақтың құрылымдық бөліктерін, олардың бір-біріне тәуелділіктері мен байланыстарын талап етті. Ғылым мен практикаға «аралас сабақ» термині енгізілді. Б.П.Есипов аралас сабақтың құрамын анықтады: өткен сабақты қайталау; жаңа тақырыпты түсіндіру; оқылатын құбылыстың маңызды және нақты фактыларын қарастыру; оқушының тақырыпты қалай игергенін тексеру; оның білімін бекіту, білігі мен дағдысын дамыту.Сонымен, сабақтың төрт элементтік жүйесі (үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды өту, бекіту және үй тапсырмасы ) бекітілді. Осы элементтерге әмбебаптық сипат берудің жағмсыз тістары да болды – төрт элементтік жүйені сақтау, жиі нұсқашылдық пен формалистікке, бір типтілікке жол береді. Педагогикалық теория мен педагогикалық практика осы қалыптан шығудың жолдарын,яғни, сабақтың типтері мен классификациясын іздестірді. 1952 жылы С.В.Иванов «Сабақтардың типтері үлкен өзекті мәселе, сыныптық-сабақ формасының басқа элементтермен өзара байланысының ара қатынасының заңдылықтарын анықтау керек.Осы мәселенің дұрыс шешімін табу теория мен практика үшін маңызды» ,-деп жазды. Ғылымға сабақты классификациялаудың өлшемдерін анықтау қажеттігі пайда болды.Оның өлшемдер ретінде дидактикалық мақсат пен міндеттер, сабақты оқыту әдістері, оқу материалдарының түрлері алынды.Сабақты таным үдерісінің заңдылықтарына, оқу үдерісінің логикасына, оқушылардың бұрынғы дайындығына негізделген классификация өлшемдері қарастырылды. Д.О.Лордкипанидзе сабақты гносеологиялық, психологиялық, әдістемелік және жалпы педагогикалық ұстанымдар бойынша жіктеледі.Осылардың ішінен жалпы педагогикалық және дидактикалық ұстанымдары негізгі деп санады.Осы қағида алғаш рет Б.П.Есиповтың еңбегінде, сонан кейініректе П.Н.Груздев, И.А.Каиров, И.Т.Огородников, М.А.Данилов еңбектерінде дамытылды. Осы қабылданған классификация бойынша жаңа материалды түсіндіру, қайталау және жаттығу, білімді текеру және бағалау сабақтары және аралас сабақ деп жіктелді.Сабақтың құрылымын қайта қарастыру мәселесіне ( 50-шы жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басындағы) липецкілік мұғалімдердің тәжірибесі түрткі болды, олар аралас сабақтың құрамды бөліктері, жалғыз оқыту формасы дегеннен бас тартты. Липецкілік мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың алға жылжуын үнемі бекітіп, бұрынғы алған білімдерін тереңдетуді іске асырды.Сабақтың құрылымын жетілдіру мәселесі ұжымдық және жеке жұмыс формаларын зерттеуді талап етті.Сыныпта фронтальдық жұмыстан басқа топтық және жеке жұмыс жүргізу қажеттігі белгіленді.Педагогикалық әдебиеттерде сабақта топтық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланып,оның білім беру және тәрбиелік міндеттерді шешудегі тиімділігі анықталды ( Х.И.Лийметс, Е.С.Рабунский, И.М.Чередов). Дидакт ғалымдар сабақтың тиімділігін анықтауды қолға алды.Э.И.Моносзон « сабақтың негізгі сапалық өлшемі түрлі тәсілдермен әдістерді қолдану емес, оқушының білімді, тәрбиелік деңгейді игеруі, қойылған мақсатқа жетуі», - деп көрсетті.Профессор Р.Г.Лемберг педагогиканың теориялық және практикалық маңызды бар мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бастауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ», « Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп оқушыларын жалпы дамыту жұмыстары», «Сабақты құрту мәселелері», «Сабақта білім беру мен білімді пысықтау», « Мектептегі оқыту әдістері» атты еңбектерінде сабақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет