І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогикалық үдерістің негізгі бір бөлігі-оқыту үдерісі



бет40/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

3. Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогикалық үдерістің негізгі бір бөлігі-оқыту үдерісі. Педагогика деңгейінде оқыту-қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті-педагогикалық әрекеттің тұтас қыры. Тұтас педагогикалық үдерістің келесі бір бөлігі – тәрбие үдерісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі-еліміздің болашағын біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеялогиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» - ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.
Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдеріс, сонымен қатар педагогикалық үдерістің тұтастығығы, педагогикалық үдерістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі сияқты жүйе ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық үдеріс - «мұғалім-оқушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагогикалық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Педагогикалык әдебиеттердегі анықтамаларды оқыту жеке субьектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту- оқушы мен мұғалім жүзеге асырылатын екі жақты үдеріс;» «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының іс-әрекеті»; «Оқытуда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту-мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пінді оқыту барысында оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып үйренуі мен алған білімдерін қолдана қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс-әрекеті. Оқу- оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргенін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды жасайтын саналы қызметі». Оқыту өзара баланысты, бірақ екі дербес субьектінің – мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетілген.
Педагогикалық үдеріс- «мұғалім-оқушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагогикалық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Педагогикалық үдеріс көп деңгейлі және көп құрылымды жүйе, онда жеке бір оқуш, жеке дара бір мұғалім бірінші реттегі дербес жүйе болады.
В.А Кан-Калик «ұстаздың шығармашылық үдерісі оқушылардың шығармашылық үдерісін тудыратын үдеріс... сонымен бірге бұл қзара әрекет әрбір нақтылы жағдайда байқалады, өз жағынан ол, бір сыныпта жүмыс істейтін ұстаздар ұжымының және үжымдаңы барлық оқушылардың ұжымшыл шығармашылық іс-әрекеттерінің арасындағы ерекшеліктері» деп пайымдайды.
Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері бар (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер немесе технология). Педагогикалық үдеріс- мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәййкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің дидактикалық талаптарының педагогикалық-психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері- педагогтар мен оқушылардың арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар.
Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі көбінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психологиялық үдерістерді білуге және оларды тәрбие себьектісі ретінде сипаииауға байланысты»,- дейді.
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдылық рөлін атқаруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық үдерісте қызметте араласуына, шағармашылық пен рухани мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып , адамзат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады.Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет