І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет48/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

3. Тәрбиенің түрлері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым 8 бағыттарын ұсынады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер ұсынылады, олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байланысады.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патротизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастардың ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт - рухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиетерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт - ұлттық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру.
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның эволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алу үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт - көпмәдениетті көркем-эстетикалық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Жетінші бағыт – зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жаңдандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функциональдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Бұл бағыттың мақсатты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңістік орнату.
Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары алыс және жақын шетел ғалымдары, еліміздің зерттеулер ғылыми, еңбектерінде тәрбиенің негізгі бағыттарын тәрбие үдерісінің өзіндік ұстанымдары мен тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде тәрбиені мәдениет тұрғысынан да қарастырады.

Кесте 2- Тұжырымдама көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар





Бағыттары

Зерттеуші ғалымдар

1

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша

К.Құнантаева, И.Б.Мадин, С.Ешімханов, И.Р.Халитова, С.Ғаббасов, Ә.Жұмаханов, Е.Ө.Жұматаева, К.К.Жампеисова, Е.З.Батталханов, С.Т.Иманбаева, А.Бейсембаева, Р.Мұратханова, Н.Ә. Мұхамединова, Р.А.Жанабаева, С.Ешімханов, М.В.Зима, Д.Құсайынова, И.И.Валеев, Г.Н.Волков, Н.Ромашов, С.Нұрмұқашева, В.Г.Храпченков, Е.О.Омар., Л.Т.Сайдахметова т.б.

2

Рухани-адамгершілік тәрбие мәселесіне байланысты

Қ.Б.Бержанов, С.Мусин, Қ.Б.Сейталиев, Э.А.Орынбасарова, А.А.Калюжный, А.Н.Ильясова, Р.К.Төлеубекова, Е.Жұматаева, Ш.Майғаранова, А.А.Бейсенбаева, А.Ким, Б.І.Иманбекова, Н.С.Алқожаева, А.Е.Дайрабаева, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев т.б.

3

Ұлттық тәрбие

А.Э.Измайлов, Г.Н.Волков, А.Ш.Гашимов, К.Пралиев, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Қ.Бөлеев, С.Ғаббасов, С.Кенжеахметұлы, С.Қ.Әбілдина, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, С.Т.Иманбаева, Г.Қ.Шолпанқұлова, Д.А.Нұрғалиева т.б.

4

Отбасы тәрбиесі

Г.Байдельдинова, Н.Тригубова, Б.Мұқанова, С.Қоңырбаева, А.Капенова, А.Шумебаева, Г.Сейдалиева, К.Құмаржанова, Ж.Торыбаева т.б.

5

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Ә.С.Бейсенова, А.С.Иманғалиев, Л.Х.Мажитова, О.У.Мұсабеков, Б.А.Абдыкаримов, Г.А.Уманов, Г.Т.Хайруллин, М.А.Құдайқұлов, К.Ә.Дүйсенбаев, К.Өстеміров, Р.А.Дәрменова, С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Х.Қ.Шалғынбаева т.б.

6

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Р.Қ.Дүйсембінова, Б.А.Жетпісбаева, М.Қ.Қаламқалиев, М.С.Юнусова, М.РБалтабаев, С.Қ.Абильдина, З.Б.Қабылбекова, Г.К.Тлеужанова, М.М.Абсаттова, Т.Ш.Оралбекова, Қ.Базарбаева т.б.

7

Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Г.Қ.Нұрғалиева, Ф.Ш.Оразбаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берікханова Г.К.Шолпанқұлова, Т.Қ.Әуелғазина, К.З.Халыкова, Д.А.Нұрғалиева, С.Махмутов т.б.

8

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

М.Тәнікеев, Б.Төтенаев, Ж.Бөжиг т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет