І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру



бет37/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

7.5. Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру. ҚР Презиленті Н.Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматымызға көбірек көңіл бөлу керек. Ол үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдымыздағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүскіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, кедергісіз болуы керек, өйткені мүгедек балалрдың толыққанды кіруін қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өткен.
Инклюзивті (фр. Өзіне енгізетін, лат ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру- жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін пайдаланатын термин. Инклюзивті білім беру дегеніміз- мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, олардың жынысына, дініне, шығу тегіне, жас ерекшелігіне, қимыл-қозғалыстық, ақыл есінің жағдайына, әлеуметтік экономикалық жағдайына қарамастан, баланың түзеу педагогикалык- әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдар,а деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерді 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қара АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясматына осы бағдарламаны толық енгізді.
2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикопедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Ы.Алтынсарин атындағы білім бері академиясы ұсынған «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік нұсқауда білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін, әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет