І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет12/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos» - ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. Психологияда құндылықтар қоғамдағы моральдық қатынастардың формасы ретінде қарастырылады. Жалпы педагог іс-әрекетіне байланысты құндылықтарды В.А.Сластенин төмендегідей жүйелейді:
- тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортадағы өзінің рөлін анықтаумен байланысты құндылықтар;
- қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыратын құндылықтар және оның шеңберінің кеңейе түсуі;
- дербес шығармашылықты дамытуға бағыттайтын құндылықтар;
- өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік беретін құндылықтар;
- жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бертін құндылықтар;
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалім іс-әрекетінің әдістері, педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алу іскерліктері, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алуы негізінде жан-жақты педагогикалық талдау жасай алуы,мақсаттарды белгілей алуы,дұрыс жүйелі жоспарлар құра білуі, ұйымдастыра білуі, бағалау және түзету әрекеттерін жүргізе алуы.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке тұлғалық-шығармашылық компоненті мұғалімнің құндылықтық бағдары бойынша өзінің шығармашылық әлеуетін дамыту ерекшеліктерімен айқындалады. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық – адамның бесенді іс-әрекетінің жоғары формасы ретінде түсіндіріліп, өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады.
Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы,ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздері тұлғаның дамуының ішкі факторларының маңыздылығын меңзейді. Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады, сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
- ғылыми шығармашылық,
- көркем шығармашылық,
- техникалық шығармашылық,
- педагогикалық шығармашылық.
Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластенинннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет