І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет10/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Педагогикалық қабілеттілік – тұлғаның іс-әрекетті орындауда жоғары деңгейде көрінетін жеке қасиеттері. Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері негізінде оның оқушылар әріптестері алдында абыройы жоғарылай түседі. Педагогикада педагог абыройы деген сөз тіркесі педагог, педагог авторитеті деген ұғымның синонимі болып қолданылады. Педагогтің авторитеті – оқушыларға деген қатынасын анықтайтын, маңызды шешімдерді қабылдауға құқылы, басқаларды бағалай алатын,оларға кеңес бере алатын, мұғалімнің ерекше кәсіби позициясы. Шынайы мұғалімдік авторитет оның жасының үлкендігі мен лауазымына емес, жеке тұлғалық, адами қадір-қасиеттеріне қарай анықталады. Абыройлы ұстазға оқушылар сенеді, оны ұстаз ретінде мойындайды, оның идеяларын қолдайды. Педагогикалық авторитеттің құрылымы 4 компоненттен тұрады:
-Кәсіби компонент (білімі, әдістемесі, құзіреттілігі, танымының тереңдігі, т.б)
-Тұлғалық компонент (көзқарастары, өмірлік ұстанымы, құндылық бағдары, мінезі, мәдениеттілігі, т.б)
- Әлеуметтік компонент (кәсібінің әлеуметтік мәнін түсінуі, кәсіби табыстылығы,т.б )
- Рөлдік компонент (лауазымы, қызметтік рөлдері, құқықтары мен кәсіби рөлдері,т.б)
Педагогтік кәсіпті таңдау бейімділікке, қабілеттілікке негізделгенімен, кейбір зерттеушілердің пікірінше педагог мамандығын таңдаудың басқа да мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық, ақыл-ой,қоғамдық және жеке мақсат.Оларды екі түрге ажыратуға болады: 1) айқын анықталған мотивтер, 2) анық емес мотивтер.
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауларын анықтайтын мынандай 8 факторларды атап көрсеткен: отбасының, үлкендердің пікірлері; құрдастарының пікірлері; мектептегі педагогикалық ұжымның пікірі; жеке кәсіби және өмірлік ұстанымдары; қабілеттер мен олардың байқалуы; қоғамдық құрметке иеленуге талпыныс;бейімділіктер.
Көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде студенттердің педагогикалық кәсіпті таңдау мотивтерін жан-жақты зерттеу мақсатында түрлі әдістемелер құрастырылған. Мысалы, И.П.Ильина студенттердің жоғары оқу орнында оқу мотивтерін анықтау әдістемесі бойынша олардың оқуға келуінің 3 шкаласын анықтайды:
- «білімді меңгеру» шкаласы (нақты бір пәнге деген қызығушылықтың басым болуы, білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген талпыныс);
- «кәсіпті, мамандықты меңгеру» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге деген құлшыныс, кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру);
-«диплом алу» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға тырысу,емтихандар мен сынақтарды өтуде жеңіл жолға ұмтылу);
Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының дипломдары біркелкі болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар,өйткені педагогикалық жоғары оқу орнының дипломы – аса үлкен де күрделі іске кірісуге жас маманның құқығы бар екенін білдіретін құжат қана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет