І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет62/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   94
3. Оқытудың әдіснамалық негізі. Мағжан Жұмабаев өзінің “Педагогика” атты еңбегінде оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар “индукция”, “дедукция”, “талдау”, “жинақтау” т.б. сияқты терминдердің мәнін ашып көрсеткен еді.
XX ғасырдың 40-шы жылдары кеңестік педагогика оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасын зерттеу мәселесін алға қойды. И.Ф.Свадковский оқыту заңдылықтарын тікелей таным үдерісінен шығарды. Бұл көзқарасқа қарсылық білдірген М.А.Данилов “оқытуды тек таным логикасы деп қарастыру тенденциясы дұрыс емес , өйткені оқыту үдерісі өзінің бай мазмұнынан айырылады” – деп жазды.
Педагогикада оқыту теориясы мен таным теориясының ара қатынасының зерттеу мәселесіне өз еңбектерінде назар аударғандар И.Т.Огородников, П.Н.Шимбиров, Р.Г.Лемберг, И.Н.Казанцев, М.А.Данилов және т.б. Олар оқыту үдерісі мен таным үдерістерінің ортақтығын атай отырып, олардың мәнді ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Философиялық әдебиеттегі таным және ғылыми таным теорияларындағы келесі қағидаттар басшылыққа алынды : таным теориясы (немесе гносеология , таным философиясы) – таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайы және нақтыланған қарастыратын философияның бір бөлімі, гноселогия – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады; танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық төжірибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты; гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дүниені тануы туралы білім; таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы : таным нысаны – таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы : таным объектісі – таным құралы –таным субъектісі .
4. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары. 1960-1970 жылдары оқыту үдерісінің заңдылықтарын тәрбие мен білім беру мақсатына сәйкес, оқыту заңдылықтарын қолдану мәселесі көтерілді. М.А.Данилов өзара байланысты жүйе жағдайында жетекші принцип туралы айта келіп, дидактикаға принциптер сәйкестігі туралы түсінік ендірді. Ол принциптерді белгілі жүйеде қарастырып мынадай сәйкестік принциптерін ұсынды: оқытудағы ғылымилық пен түсініктілік; жүйелі оқытудағы теория мен практиканың байланысы; білімді игерудің беріктігі және оқушының танымдық күшін жан-жақты дамыту; фронтальдық, ұжымдық және даралап оқытудың оңтайлы сәйкестігі.
М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Т.Огородников, Т.А.Ильина, В.И.Загвязинский және т.б. оқыту принциптерінің өзара байланысы мен өзара себептестігін бір қатар жылдар бойы зерттеді. Л.В.Занковтың “дидактикалық жүйе” түсінігін енгізуіне байланысты, басқа да педагогтардың “дидактикалық жүйе” түсінігін қайта зерттеуі мен оны құрастыруы, дидактикалық принциптерге жаңа түсініктеме беруді қажетсінді. Мәселен , Л.В.Занков түсініктілік принципіне: “Бұл принципті қайтадан сын тұрғысынан қарастырып, оқыту үдерісін құруда оқушының жас ерекшеліктерін ескеру керек”,- деп көрсетті. Л.В.Занков , В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ғылымилық принципіне жаңаша түсініктеме беріп, оларды нақты игерту үшін қорытындылау арқылы, теориялық білім беру қажеттігіне тоқталды. Проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының даиуына қарай оқытуды белсендірі, оның түрлі деңгейі негізінде шығармашылықты дамыту және саналылық принциптерінің мағынасы қайта толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет