І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


тақырып. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ƏРЕКЕТІН БЕЛСЕНДЕНДІРУ



бет87/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
22 тақырып. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ƏРЕКЕТІН БЕЛСЕНДЕНДІРУ



  1. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері.

  2. Оқытудағы интербелсенді тәсілдер.

  3. 12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.



1. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері. Г.М. Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсенділігін көтеру,көптеген құнды пікірлер айтылды.
Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетін арттыру үшін оқыту әдістерінің маңызына назар аударып, оларды топтастыруға ат салысты. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында оқу материалдарын түсіндіріп-көрсететін немесе ақпаратты –рецептивті (рецепция-қабылдау) әдістер: әңгіме, лекция, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, суреттерді қолдану, диафильмдерді пайдалану; репродуктивті әдістері; оқытылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдісі; жартылай-ізденіске түсіру немесе эвристикалық әдіс; зерттеу әдісі, оқушылырға танымдық міндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздігінен шешуіне қажетті басқа да әдістер ұсынылады.
2. Оқытудағы интербелсенді тәсілдер. XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.).
Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығына берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалдарының оқу сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің негізгі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаналық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады. Бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып жеке тұлғаны дамытуға бағытталған. Сонымен бірге сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс белсенділіген қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауалнамалар жүргізу әдісі; кейс-стади әдісі; презентациялар т.б.
Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар:
Оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру
Оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау
Оқушыларға өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату
Іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
Оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту оқушылардың білімді өздігінен оқып үйренуіне бағытталуы керек.
Құнды әдістердің бірі – кейс-стади әдісі. Бұл әдістің негізгісі болып жағдай ұғымы болып анықталады, яғни жағдайларды таңдау барысында ең соңғы нәтижеге әсер етеді. Бұл әдісті қолданудың барысында бір ғана дұрыс шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, сол шешімін дәлелдеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет