І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


тақырып. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ



бет57/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

15 тақырып. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ



  1. Отбасы-бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субьектісі.

  2. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері.



1. Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субьектісі. Отбасы - үйлесімдердің жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеуметтену қызметін атқаруына ықпал етеді. Р.Н.Нұрғалиевтің басшылығымен дайындалған сөздікте: "Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы"- деп атап көрсетеді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:
-өмірге ұрпақ әкеліп,халық санын арттыру;
-тәрбиелік қызметі - білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;
-отбасының өндірістік - шаруашылық қажеттігін өтеуі;
-отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.
Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:
-ерлі-зайыптылық. Олар біріне-бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тілек көрсетеді;
-ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;
-тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.
Қазіргі отбасының ерекшеліктері:
Ауыл балалары үнемі ауылдастарының көз алдында болып, олардың қатаң бақылауын сезінеді. Бір жағынан оқушы бақылау аясында болса, екінші жағынан психологиялық тәуелділікті сезінеді. Қалада ондай бақылау жоқ, үлкендер бір үйде тұратын балаларды да біле бермейді.
Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әртүрлі болады. Біреулер мейілінше өбектеп, тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін. Ондай отбасындағы балалар дайынға ие болғысы келіп, енжар, жалқау болып тәрбиеленеді.
Жас отбасының бөлек шаңырақ көтеруі, олардың жауапкершілігін арттыруымен қатар, үлкендердің бала тәрбиелеу тәжірбиесіне құлақ салып, түсіністікпен бала тәрбиелеуге көмектеседі. Жас отбасыларының тұрмысының материалдық жағынан дұрыс жолға қойылмауы, бала тәрбиесіне қиындықтар келтіреді.
Отбасындағы балалар санының азаюы, қазір қалаға да, ауылға да тән. Оны түрлі обьективті себептері бар. Осыған орай, аз балалы отбасындағы баланы тәрбиелеу мәселесі зерттеуді қажет.
Ерлі-зайыптылардың отбасының ыдырауы, бірінші өмірге дайын болмауы салдарынан болады.
Бір балалы отбасылардың көбеюі, мұндағы басты мәселе баланың өзінен үлкен және кіші балалармен, ұжыммен қарым-қатынас орнату тәжірбиесінің жоқтығы және отбасы назарының тек бір бала төңірегінде шоғырлануынан болатын кемшіліктердің көбеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет