І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері



бет58/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

2. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері. Отбасы тәрбиесінің компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары әдістері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке, өмірде өз орнын таба білуге, алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге, белсенді, өз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу көзделеді.
Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор. Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
-Баланың өзін-өзі тануын дамыту, өсіп жетілу, айналасымен өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрету, мәдени қарым-қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыру туралы отбасы құндылықтарын санасына сіңіру;
-отбасы мүшелерінің тіл табысып түсінісуін қалыптастыру, бірін-бірі тындап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету;
-адамгершілік және эстетикалық, еңбексүйгіштік жағынан қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;
-денсаулығын нығайту, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны: жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкіндіктерін жетілдіру, ақыл-ой, сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениетке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құру, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, мейірімділік, рахымдылық, қамқорлық қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту.
Отбасындағы тәрбие формасы екі түрлі болады: ұжымдық және жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ұжымдық тәрбиеге отбасы мүшелерінің қатысуымен атқарылатын іс-шаралар, ал жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуге балалардың жеке жауапкершілігімен орындалатын істері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет