Рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістерлдің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс – әрекет арқылы үйрену / үйрету – танымының ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді.
21 тақырып. ОҚЫТУДАҒЫ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Жоспар: Оқыту сапасын диагностикалау.
Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тескерудің қызметтері.
Білім сапасын бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.
Тесттік және рейтингтік бақылау.
1. Оқыту сапасын диагностикалау. И.Лернер Ю.Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар береді.
Білімнің дұрыстығы. Оқушының бойындағы білімінің толықтығы оқытылатын нысана туралы барлық білімдердің санымен анықталады.Оқушы а) білімнің барлық жетекші элементтерін атап бере алады. ә) әрқайсысына анықтама бере алады; б) негізгі белгілерін сипаттап береді.
Білімнің әрекеттілігі оқушының білімді әр түрлі жағдайда қолдана алуымен сипатталады. Оқушы: а) алған білім мен біліктіліктерін қолдану арқылы жаттығулар мен тапсырмалар орындай алады;ә) оқылғанда сәйкес өмір құбылыстарын талдау үшін қолдана алады.
Білімнің саналылығы - білімнің ішкі байланыстардың мәнділігін түсіну, талдай салыстыра дәлелдей жан – жанты аша бағалай өзара қалай байланысқанын, не қандай нәрсеге бағытталғандығын не қандай нәрседен шығаратындығын көрсете алады; ә)оқылатын құбылыстардын ортақ ерекшеліктерін тауып оларды салыстыра алады. б) құбылыстың, оқиғаның және т.б себептерін аша алады; а) жан – жақты түсіндіріп, түйін және қорытвндв жасай алады. Білімнің тереңдігіберілген білімнің басқалармен, оған ұқсас білімдермен саналы байланыстыңымен сипатталады.
Білімнің оперативтілігі оқущының ұқсас және вариативті жағдайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарастырды. Оқушы өз білімін қолдана алатынжағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі со соғұрлым нақты көрінеді.
Білімнің жүйелілігі кейбір білімнің жиынтығын, иерархиясын және тізбектлігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
Білімнің беріктілігі - барлық көрсетілген сапалардың саны мен тұрақтылығы.Ол интегралды өндірістік сапа болып табылады.
Білім сапасының әр алуан түрлерін отырып, мынадай анықтама беруге болады. Білім спасы – оқушылардың, оқу танымдық іс әрекетінің нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылымының біртұтас жиынтығы.
Педагогика ғылымында білім сапасын мақсат пен бірлігі ретінде өарайды. Белігілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальней білім сапасын тұлғаның кәсіби, азаматтық біліктіктерін қалыптасуы мен мақсатқа жетуі арқылы түсіндіреді.Осы айтылған тұжырымдарды саралай келе, білім сапасын тек білім алудағы қабілет пен білімнің қалыптасуы ғана емес жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарының жеке бас қасиеттерінің және әлеуметтік қоғамға бейімделу қасиеттерінің жиынтығы деп алуға болады.