І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


) Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы



бет92/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

4) Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының авторлары американдық педагогтар Дж.Стил, К.Мередит, Ч.Темпл, К.Уолтер т.б. Бұл технология мынандай қағидаға негізделеді: оқушыны күштеп үйретуге болмайды, ол тек өз ынтасы негізінде ғана үйрене алады.
Сыни ойлау – адамның логикалық, аналитикалық, өз тәжірибесіне негізделген, тәуелсіз, түрлі фактілер арқылы дәлелденетін, рефлексивті, бағалап ойлау түрі.
Сыни тұрғыдан ойлауды Дэвид Клоустер былайша сипаттайды:

  • Өз бетінше ойлау алу, яғни ойлау үрдісінде жекелік сипаттың болуы маңызды. Біз үшін ешкім сыни тұрғыдан ойлай алмайды. Біз тек өзіміз үшін ғана сыни тұрғыдан ойлана аламыз.

  • Кез келген ақпарат сыни тұрғысынан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы. Себебі ақпарат болмаса ойлауға да негіз жоқ,

  • Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қоюдан, проблемаларды анықтаудан басталады. Осындай мәселелерді шешу барысында оқушы шыныменен терең ойлана бастайды.

  • Сыни тұрғыдан ойлау аргументтерді, дәлелдерді, фактілерді, статистикалық мәліметтерді, эксперимент нәтижелерін қатыстыруды қажет етеді.

  • Сыни тұрғысынан ойлау үнемі әлеуметтік сипатта болады. Кез келген ой басқалармен бөліскенде шыңдала түседі. Сондықтан бұл технологияны қолдану барысында оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік жасалуы керек.

Кез келген сабақ мұғалімнің монологына айналып кетпеуі керек. Ол кітаптағы мәліметтерді ауызша тасымалдаушы аппарат емес. Сол үшін ашық талқылау, диалог болуы қажет. Дәстүрлі оқытуда көп жағдайда оқушылар мектеп жасынан пассивті тыңдауға, конспектілеуге, дайынды көшіруге бейімделіп кететіні алаңдаушылық туғызады. Сондықтан кейбір оқушылардың ережелерді түсінбей жаттап алғандарын білім деп қабылдау қиын. Сонда қазіргі мектептерде оқушылардың жаттау баға қойылып жүр ме, әлде біліміне баға қойыла ма? Мұғалім үшін оқушының жаттанды білімі білім емес, ол тек уақытша ғана жатталған үстіртін білім екенін түсінуі маңызды. Сондықтан әр оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп, әрбір айтқан жауаптарын негіздеп, дәлелдеп, мысалдармен бекіте алса және алған білімін өмірде қолдана алса ғана ол нағыз білім.
Көптеген зерттеушілер сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын сабақ барысында қолдануда оның үш негізгі кезеңін атап көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет