І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Педагогтың кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну – болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі



бет9/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

3.2. Педагогтың кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну – болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі. Педагог кәсібінің өзінде көптеген мамандықтар пайда болып, кәсіби педагогикалық білім беру саласында болашақ мамандарға дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру мәселесі өзектенуде. Мысалы, қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңестігінде мынандай жаңа мамандықтар пайда болып отыр: коуч, тьютор, тренер, мастер, фасилитатор, модератор, білім берудің онлайн-платформасының координаторы, ментор, майнд-фитнес т.б. Қоғамда алуан түрлі мамандықтар бар, бірақ оның бәріне адам қабілеті сай келе бермейтіндіктен, мамандықты дұрыс таңдай білу – болашақ маманның болашаққа деген ең маңызды қадамы.
Студенттің мұғалімдік кәсіпті дұрыс таңдауы және болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінуі - кәсіби жетістікке жетудің алғышарты. Болашақ кәсіпті таңдау – адам өміріндегі ең күрделі шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс таңдай білуі үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадам. Дұрыс таңдалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды.Кәсіпті таңдауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін, ерік-жігерін, бейімделіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттіліктерді дамыту ешқашанда кеш болмайды, тек дер кезінде адам өзінің кәсіби қажеттіліктерінің даму бағдарын дұрыс анықтап, соған қол жеткізуді дұрыс жоспарлай білуі керек.
Адам өмірінің маңызды құндылықтарының бірі – еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, отбасының, қоғамның, Отанының, өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс таңдай білу – адамның бақытқа жету жолдарының бірі.
Мамандықты таңдауда адам өзінің күш-жігерін, бейімділіктерін бағалап, еңбектің қандай саласында көп пайда келтіре алатынын анықтап және сол бағытта өзінің қабілеттерін дамыту жолдары ескеріледі. Таңдаған мамандығы арқылы әрбір адам өз бойында қалыптасқан дағдылар, іскерліктер негізінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіне қатыса алады. Кәсіп әр тұлға үшін өзінің даралығын, қайталанбастығын көрсетуге мүмкіндік беретін, өмірімен үйлесімді өріліп кететін, маңызыд іс-әрекет түрі.
Педагогикалық бейімділік – тұлғаның педагогикалық кәсіпке деген сезімдік талғамының арта түсуі, құлшынысының, ынтасының жоғары деңгейде танылуы. Педагогикалық бейімділіктің негізі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке деген және өзіне деген құндылықтық қатынастар жүйесі. Педагогикалық бейімділік – адамның педагогикалық іс-әрекеттерге деген қабілеттер жүйесінің даму және қалыптасу деңгейі. Педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің нақты оқыту немесе тәрбиелік іс-әрекетке қатысу кезінде айқындалады. Сонымен, педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық тәжірибе жинақтап, өзінің педагоикалық қабілеттерін бағалай алу негізінде қалыптасады. Мұғалімнің негізгі кәсіби маңызды қасиеттері ретінде педагогикалық парыз, педагогикалық жауапкершілік, педагогикалық ұстаным ұғымдарын атап өтуге болады.
Педагог тұлғасының құрылымында оның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы маңызды роль атқарады. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық бағыттылығы оның негізігі кәсіби маңызды қасиеттерінен құралады. Осы қасиеттердің ішінде мұғалімдік кәсіпке деген қызығушылық, кәсіби-педагогикалық қабілеттер ерекше мәнге ие.
Мұғалім мамандығына деген қызығушылық балаларға, олардың ата-аналарына, жалпы педагогикалық іс-әрекет түрлеріне деген жағымды эмоциялық қатынаспен және педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруге деген құштарлықпен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет