І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ



бет8/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

3 тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ



  1. Жеке тұлғаның психологиялық- педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері.

  2. Педагогтың кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін түсіну – болашақ мұғалімнің кәсіби жолын таңдауы мен кәсіби өзін-өзі жетілдіру негізі.

  3. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті.

  4. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік және педагогикалық шеберлік.



3.1. Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Адам мен қоғамның өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше мағынаны иеленеді. Тұлғаның негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеріп, қоғамдық қатынастар жүйесіне еркін ене алуы. Аталған міндетті шешу барысында тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынас нәтижелері арқылы әлеуметтік ортада өзін-өзі таныта алады. Осыдан жеке тұлғаның негізгі сипаты болып табылатын оның әлеуметтік мәні айқындала түспек.
Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев т,б. Ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалар берілген. Тұлға мәселесін зерттеуде Б.Г.Ананьев «іс-әрекет субъектісі» деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымдарын байланыстырып тұр. Субъектілік адамды оның психикалықдамудың ең жоғары сатысы болып табылатын санасы арқылы басқа тіршілік иелерінен ажрататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан, субъект дегеніміз іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен белсенділігі.
Жеке тұлға – индивидтің әлуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:

  • Әр адам жеке тұлға бола алады.

  • Жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарға қатысты тұлға ұғымы қолданылмайды.

  • Жеке тұлға - тарихи дамудың нәтижесі.

  • Тұлғалық қасиеттері арқылы адам басқа адамдардан ерекшеленеді

  • Жеке тұлға – іс-әрекет объектісі және субъектісі.

Жеке тұлғаның өзіндік белгілеріне оның: саналылығы, жауапкершілігі, жеке «Мен» жүйесінің болуы, белсенділігі (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы),бағыттылығы (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі), адами-қадір қасиеттері, әлеуметтік топтпрмен, ұжымдармен өзара әрекеттестігі жатады.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы – әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады: іс-әрекеті арқылы, басқалармен қарым–қатынасы арқылы, өзіне деген қатынасы арқылы.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп оның иерархиялық құрылымын анықаған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның құрылымында туа біткен (биологиялық, тұқымқуалаушылық) және жүре біткен құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрылымы 4 сатыға немесе төменнен жоғарыға қарай қарастырылатын иерархиялық деңгейлерге жіктелген:
Төменгі 4-ші деңгей – тұлғаның биологиялық құрылымы, оған адамның темпераменті, физиологиялық, жас және жыныстық ерекшеліктері жатады, бұл құрылымды ешқандай әлеуметтік қасиеттері ескерілмейді.
3-шы құрылымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процесстердің жеке ерекшеліктері ( сезімдер, қиял, зейін,есте сақтау, ойлар, ерік, эмоция) ерекшеліктері жатады.
2-шы тәжірибелік деңгейге оқыту үрдісі арқылы қалыптасқан тұлғаның білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады.
1-шы жоғарғы, тәрбие арқылы қалыптасатын денгейге тұлғаның дүниетанымы, сенімдері, идеялары, көзқарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағдары, моральдық принциптері сияқты әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет