8-жаттығу Төмендегі мәтіннен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды теріп жазыңыздар
Алғашқы күні Әлия окопта жатып,жаудың алдын байқады,тіпті бір ойпатта олардың көшпелі асханасы тұрғанын көрді. Себебі түс кезінде сол ойпатқа бір-бірлеп термоспен,котелокпен келушілер көбейе бастады. Сол жерді снарядпен соққылау керек деп,артта тұрған батареяға хабар берді.Көп ұзамай біздің зеңбірек жау асханасын тас-талқан қылды.
Бұл күні Әлия айналаның бәрін есіне сақтап,шартты белгілермен кейбіреуін картаға түсіріп алды,көрінген жау болса да,атпады. «Бұл жолы бара тұр,ертең,бүрсігүні кездесіп қалармыз»,-деді.
Достарыңызбен бөлісу: |