І бөлім Құрастырған Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. С. Шарпекова


Мәтінді түсініп оқыңыз. Жай сөйлемдерді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек жазыңыз. Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына және түрлеріне қарай ажыратыңыз



бет44/53
Дата06.01.2022
өлшемі164,64 Kb.
#11375
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
0001da17-8e08cdd0

Мәтінді түсініп оқыңыз. Жай сөйлемдерді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек жазыңыз. Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына және түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Оны мен де сездім. 2. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 3. Шошып тұрмын, алайда ілгері қарай ұмтыла бердім. 4. Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты көргенде осы оқиға есіме түсті. 5. Ол қорқып кетті, сондықтан артқа қарай шегіншектеді. 6. Ми айналып жерге түсердей ыстық. 7. Жігіттің қызды жақсы көруінің себептері көп, бірақ оның бәрін ауыз шіркін айтып жеткізе ала ма? 8. Біз кейде қызықты әңгімелер айтып күлеміз, кейде соғыста мерт болған достарымызды ойлап жылаймыз. 9. Басқа қыздар мырс ете қалды. 10. Хатымды бүктедім де, тез почташыға бердім.



12-жаттығу

Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне ажыратыңыз. Синтаксистік талдау жасаңыз, бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажыратып көрсетіңіз.

Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып танылғандары бар. 2. Ал енді ол кітап дүкенге келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. 3. Оқушы ретінде менің де жан-тәніммен жақсы көрер, өзгелерден ерекше бағалар кітаптарым бар. 4. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. 5. Бүркітбаймен қосылып, біржола қалып қояды. 6. Оның ашулы жүзін көрмейін деп, төмен тұқырып алғанмын. 7. Осы кезде үзіліс бітіп, профессор аудиторияға қайта кірді. 8. Меңтайдың ұрыспасына анық көзім жеткеннен кейін, бағана өзі айтқан қызыл көрпенің тарихын білгім келді.



13- жаттығу

Жалаң сөйлемдерді бір бөлек, жайылма сөйлемдерді бір бір бөлек көшіріп жазыңыздар.

Екуеі жүгіріп ала жүгірді.Күн жылынды. Қар еріді. Сейтен үйде жоқ болып шықты.Жұлдыздар көрінбейді.Әлдеқайдан поезд айқайлайды.Поезд жақындады.Станцияның басы олай-бұлай жүгірген адамдарға толған. Поезд кілт тоқтады. Поездан адамдар түсе бастады. Есігі жабық тұр.Дәулет кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет