І бөлім Құрастырған Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. С. Шарпекова


Синтаксис саласына арналған жаттығулар



бет40/53
Дата06.01.2022
өлшемі164,64 Kb.
#11375
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
0001da17-8e08cdd0

Синтаксис саласына арналған жаттығулар

1-жаттығу . Көп нүктенің орнына жақшада берілген сөзді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру керек.

1.Мақтаны көтерген нәзік қыз алаңқайлау аралықпен зыр (жүгіру, келу)..., жаңа терген мақтасын атып ұрды.

2.Бетіндегі шып-шып теріне мақтаның ұсақ ұлпалары (жабысу)..., беті де мақта сияқты болып кетіпті.

3.Түнде мылтық (атылу)..., дауысы қатты естілді.

4. Кеше кешке уақытым (болмау)..., сүйікті телехикаямды көре алмадым.

2-жаттығу . Көп нүктенің орнына салалас құрмалас сөйлем болатындай

етіп толықтырыңыз.

1.Бұрын мұрны шолақтау (болу)..., биыл біраз ұзарып қалыпты.

2.Онда талай жастар білім (алу)..., еліміздің әр жерінде еңбекке араласуда.

3. Қыз кітапты партаға (қою)..., оны оқуға кірісті.

4. Болат қарындасына сыйлық (әперу, келу)..., бірақ ақшасы жетпеді.

«Аралас» тобының тапсырмасы.

1.Абай үйге (кіру).., Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.

2.Күн (шығу)..., ел тұра (бастау)..., - Нұрлан әлі жоқ.

3.Амантай Серғазыларға (ақылдасу еді)..., Жамантайдың науқасының түрі жаман (болу)... , олар ырық бере қоймады.

4.Білмегенін (білу деп)..., оқушылар ынтығар.



3-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу түрлеріне қарай талдаңыздар.

«Менің ауылым - «Ақбота» колхозы темір жолдан тоғыз шақырымдай жерде болатын. Ауылдың өкпе тұсында «Оныншы» деп аталатын разъезд бар-ды. Ауыл поселкеге айналып, поселке қала болып үлкейіп жатады. Бұл дүниеде өспейтін разъездер екен ғой. «Оныншы» біздің бала күнімізде разъезд еді. Жігіт болып, соғыстан келгенімде де сол разъезд қалпында алдымнан шықты. Бірақ ол маған шетелдің сәнді қалаларынан әлдеқайда қымбат, әлдеқайда артық еді.



4-жаттығу

Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсініңіз. Мазмұнын қара сөзбен жазыңыз. Бұйрықты сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.

2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.

3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.

4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді

5-жаттығу

Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.

Тапсырма. Мәтіндегі толықтауыштарды тауып, құрамына, тұлғасына, сөз табына қарай талдаңдар.

Өз басынан кешкен оқиғаларды да мүдірмей, жақсы әңгімелейді. 2. Он үшінші номерлі штурмовикпен Талғат тапсырма орындай бастады. 3. Оған қарай совет самолетінен оқ атылмады. 4. Авиацияда қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. 5. Ол штурмовикпен истребительге шабуыл жасады. 6. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып жатпады. 7. Кешікпей оған мені шақырды. 8. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді. 9. –Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі.

Тапсырма. Толықтауыштың түрлеріне сөйлем құраңдар. Тура толықтауышты бір бағанға, жанама толықтауышты бір бағанға жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет