Балаларды тәрбиелеу мен білім беруде мектеппен бірігіп қана жақсы нәтижелерге жетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімі сіздің сенімді одақтасыңыз және отбасыңыздың досы. Мұғаліммен ақылдасып отырыңыз және беделіне қолдау көрсетіңіз. Мұғалімнің жұмысына қатысты сын-ескертпелеріңізді баланың көзінше емес, мектепке келіп білдіріңіз.
Ата-аналар жиналысына қатысуға тырысыңыз. Егер келе алмасаңыз мұғалімге ескертіңіз немесе балаңыз арқылы хат беріп жіберіңіз.
Күн сайын балаңыздың оқудағы жетістіктеріне көңіл бөліп отырыңыз. Баладан “Қандай баға алдың?” деген әдетке арналған сауалдың орнына “Бүгін не үйрендің?” деп сұраңыз. Баланың жетістігіне ортақтасып, қуаныңыз, ал ұлыңыз немесе қызыңыз бетпе-бет келген сәтсіздік үшін ашуланбаңыз.
Үй тапсырмасының орындалуын жүйелі түрде қадалаңыз, оларды орындауға қол ұшын беріңіз. Көмегіңіз бен қадағалап отыруыңыз баланы мезі ететін мораль мен нотация оқуға айналмасын. Бастысы баланың оқуға деген қызығушылығын ояту керек.
Үй тапсырмасын тексере отырып, баланы тапсырманы дұрыс орындағанын дәлелдеп бере алуға, мысал келтіруге бағыттаңыз. “Неге?” ,“Дәлелде”, «Басқаша бола ма?» деген тәрізді сұрақтарды жиі қойыңыз.
Сыныппен өткізілетін өзіне қатысты шаралардың бәріне баланың қатысуына ықпал етіңіз.
Сыныпқа, мектепке міндетті түрде көмегіңізді аямаңыз.
Сыныпта не болды ,кім не айтты,т.б сұрап баланы керекті не керексіз жайды айтуға әдеттендірмеңіэ.