АТА-АНАЛАРҒА
ЖАДЫНАМА
Құрметті ата – аналар!
Бұл жаднама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.
Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға
«Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:
1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;
Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
«Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.
Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!
Жасөспірімге үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:
1.Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
2 Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
3. Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;
Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса.
Жасөспірімдер келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:
Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;
Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.
Ата-аналарға
ЖАДЫНАМА
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА «Қауіпсіз каникул»
Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың 55%-дан астамы жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды.
Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. Жасөспірімге жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Жасөспірімге көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз:жасөспірімнің жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз.
Су қоймаларының жанында абай болыңыз!
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Егер жасөспірімдер өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.
СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.
Жасөспірімнің ғаламтордағы қауіпсіздігі!
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Ата-аналарға
Жадынама
Павлодар