I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


-деңгей 1.Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін дамытудағы ойынның маңызы



бет22/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
арт сессия жауап Айша

2-деңгей
1.Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Балалардың дамуын зерттеуде ойын басқа қызмет түрлеріне қарағанда, барлық психологиялық үрдістер дамығанын көрсетеді. Адамдардың психикасындағы ойынмен байланысты өзгерістер соншалықты маңызды, бұл психологияда балалық шақ кезеңінде балалардың жетекші қызметі ретінде ойынға деген көзқарас орнады.
Ойын - балалардың ең негізгі қызметі. Онда олар танымда, еңбекте, шығармашылықта пайда болған жаңа өмірлік міндеттерді шешу үшін үлгі алады. Сондықтан ойынға сүйену - бұл балаларды психологиялық және шамадан тыс жүктемесіз оқу жұмысына қосудың маңызды жолы.
Ойын барысында барлық қызмет белгілі дәрежеде бірге, бөлінбейді. Және бұл бірлік шығармашылық процесі болатын қиял, шартты жағдайдың негізінде пайда болады. Ойын танымдық, еңбек және шығармашылық белсенділікті жинақтайды. Ойында қиял, бейнелі ойлау қабілеті дамиды. Бұл ойында адам өзінің практикалық іс-әрекетінен тыс қоршаған шындықты кең ауқымын құруға ұмтылады, және ол шартты іс-әрекеттер арқылы жасай алады.
2. Туған табиғатын дәріптеген ақындардың шығармалары
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет