I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


) Халық қолданбалы өнерінің артпедагогикалық мүмкіндіктері



бет18/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
26) Халық қолданбалы өнерінің артпедагогикалық мүмкіндіктері
Қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлі түріне киіз басу, тоқыма тоқу, кесте тігу, күмістен әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері мен сүйек өңдеу кәсіптері жатады...
Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
27) Ертегі халық даналығының қайнар көзі
Ертегі — ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.
Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет