І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз



бет12/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

17. Оқытудағы кедергілерді жазыңыз.
Оқытудағы маңызды проблема - қарым-қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына байланысты көптеген ойлар ежелден сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала. Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу әрекетіндегі маңызы жайлы ресейлік ғалымдар терең зерттеген.

Мағыналық кедергі оқушының белгілі бір әрекетіне байланысты жасалған ескертуге құлақ аспауы, берілген тапсырманы түсініп тұрып, орындамауы салдарынан туындайды. Мұндайда оқушыға қолданылған педагогикалық шаралар әсер етпейді. Мағыналық кедергі жағдайында белгілі бір іс-әрекетіне ескертпе жасалған кемшілікті оқушы әлден соң қайта қайталайды. Мысалы, сабақ барысында студент лекция жазбай, басқа жұмыстармен айналысып отырғанда, педагогтың ескертуіне мән бермейді. Мағыналық кедергінің болуы педагог тарапынан жүргізілетін шараларға оқушының әсер етпеуі салдарынан педагогтың бүкіл оқу-тәрбие жүйесін жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Педагогикалық практикада педагогтың көмек көрсету ыңғайын біле тұра мағыналық кедергі салдарынан оған қарсылық көрсететіндігі көптеп байқалады. Сондықтан педагог үшін мағыналық кедергіні жою жолдарын қарастырудың маңызы зор.


Мағыналық кедергінің туындау себептері сан алуан. Мағыналық кедергілердің негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларына, сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі болып табылатын педагогтың ерекшеліктеріне тікелей байланысты.


Педагогикалық кедергілердің бірінші бағыты педагогикалық міндеттерді анықтау және шешу қиындықтарымен, жіберген кемшіліктерді ескермеумен және қайталаумен, педагогикалық әрекетті анық және толық жоспарламаумен сипатталады. Нәтижесінде сабақ мазмұнсыз, тартымсыз өтіледі. Оқушы тұлғасына әсер етудегі педагогикалық қиындықтар оны толыққанды тұлға ретінде қабылдамауынан туындайды. Сөйтіп оқушы немесе студент қарым-қатынасқа толық араласпайды, нәтижесінде екі жақта да қанағаттанбаушылық сезім, дискомфорт пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет