27. Педагогикалық диагностика-
Диагностика (техникалық) — техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.[ Педагогикалық диагностиканың тарихы педагогикалық қызметтің қалыптасқаннан бергі уақытты қамтиды. Әдебиеттерде диагностиканы ежелгі қытайлықтар б.з.д, 1000 жылдыққа дейін емтихандарында пайдаланып келген.
Педагогикалық диагностиканың объективті әдістерінің құралдары осыдан 200 жыл бұрын құрылған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары ағылшын ғалымы Дж.Фишердің ұсынған «scale books» мектептегі оқу үлгерімін анықтауға арналған тесттер қолданылған. Педагогикалық тестілеудің көрнекті өкілі ағылшын Э.Трондайк (1874-1949) болған, ол мектеп пәндерін қамтыған көптеген диагностикалық формаларды ұсынған болатын.
Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің бар болғанымен, әдістерді психологиялық диагностикадан алған. Педагогикалық диагностика қазіргі таңда қалыптасқан ғылыми пән.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
- Жүйелілігі
- Объективтілігі
- Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің , көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.
Қуанышбаева А.Т. – педагогика-психология пәнінің оқытушысы: Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
-Талдамалы қызмет
-Жеке диагностикалық қызмет
-Бағалаушылық қызмет
-Коррекционалдық қызмет
-Бағытталған қызмет
-Ақпараттық қызмет
Педагогикалық диагностиканың әдістері:
- Ауызша сұрау
- Жазбаша сұрау
- Компьютерлік тексеру
- Сынақ-емтихан
Педагогикалық диагностиканың әдістері
Педагогикалық диагностиканың түрлері:
*ағымдық –
Өтілген материалдардың ізімен.
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
28. Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны , оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастырудың маңыздылығы-
29.Психологиялық ахуалды шолу –
Психикалық ахуал — психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым. Психикалық ахуал жеке адам мен адам топтарының бір сәт, аз уақыт аралығындағы эмоциялық, танымдық және мінез-құлықтық көріністерінің жалпылама сипатын білдіреді. Психикалық ахуал эмоцияның даму сатыларынан тұрады, индивидтің түрлі психикалық қасиеттерінің (жеңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық сияқты) көрінісін білдіреді. Психикалық ахуалға сезімнің (көңіл-күй, аффект, үрей, эйфория және т.б.), ықыластың (толғаныс, ессіздік), еріктің (батылдық, жинақылық, тартыншақтық), ойланудың (күмәндану), қиялдың негізгі түрлері жатады. Төтенше жағдайдағы адамның психикальіқ ахуалы стресс ретінде қабылданып зерттелед
Психологиялық комфортты жағдай психологиялық түйіспені (контакт) қамсыздандырады, ал психологиялық түйіспе ұтымды психологиялық ахуалдың болуына жол ашады. Ұтымды психологиялық ахуал:
-оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану процестерін арттыруға;
-оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде тәрбиелеуге;
-жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын ашуға;
-танып-білу әрекетін жоғары қанағаттанушылық күйінде өтуге;
-есте сақтау процесін арттыруға;
-оқу еңбегін өнімді, сапалы болуына жетелейтін құдыретті фактор болып табылады.
Атап өтілген жағдайлардың салдарынан ұтымды психологиялық ахуал балалардың психикалық дамудағы ауытқудың алдын алып, жүйке ауруларына тосқауыл қою арқылы, денсаулығы мықты, бiлiмi сапалы, адамгершiлiгi мол жас ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.Сабақ басында психологиялық ахуал туғызу үшін сан түрлі жағдай жасағанды жөн көремін. Бұл баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі, оқушылар бір-бірімен тиімді жұмыс істеп, сабақтың тиімділігі арта түседі, оқушылардың барлығы ат салысып, сабаққа қатысусыз қалмайды. Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әрекеттің әр түрін қамтиды: уақытты бірге өткізу, ұжымдық және жеке әңгімелер, ойын-тренингтер және т. Б.
Педагогтар мен мектеп психологтары пайдаланатын неғұрлым тиімді әдіс команда құру тренингтерін өткізу болып табылады. Олар барлық сынып ұжымы мүшелерінің тиімді және анық түрде өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |