І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Бағалау критерийлерін әзірлеуде туындаған қиындықтар-



бет30/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
18 Бағалау критерийлерін әзірлеуде туындаған қиындықтар-

Білім берудегі технологиялық тәсілдің маңызды ерекшелігі мақсаттың болуы, ол өз кезегінде мұғалімге өз жұмысы мен оқушының әрекетін бағалап, білім беру үрдісіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияда мақсаттар нақтылануда.Оның нәтижесінде мұғалімнің нақтылауынан кейін келесі қасиеттерге ие мақсаттар тұжырымдалуы тиіс:

· оқытудың мақсаты, мазмұны және пәннің логикасымен қисынды байланысқан;

· өлшемді(оқитындардың алған білім, білік, дағдысы көлемінде);

· белгіленген уақыттық межесі бар.

Бағалаудағы критериалды тәсілдер:




  1. Оқу мақсаттары: Білім беру жүйесін жобалаудағы «Кері дизайн»;



  1. Бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау;




  1. Бағалау критерийлері: ойлау деңгейлері (білу, түсіну, анализ, синтез, бағалау), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар;



  1. Бағалау шәкілі: белгілі пайыздық қатынаста бағалау рәсімдері топтамасының балдар қосындысы ретінде;




  1. Бағалау қағидаттары.

Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.

Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.

19 дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары-
«Дарынды бала» деген ұғымға нақты, дұрыс, дәл анықтама жоқ. Жалпы қарастырсақ, дарынды бала дегеніміз басқа балаларға қарағанда мүлдем өзгеше, ерекше балалар. Олардың бойына ерекше қасиеттер жиналған. Ондай бала білімқұмар, қозғалмалы, дербес, көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл түседі. Егер де оны қоршаған адамдар дәл осындай түрде қабылдаса, ешқандай қиындықтар туындамаушы еді.

Әр психолог, педагог ғалымдар дарынды балалардың психологиялық қасиеттерін әр қалай атап көрсетеді.

Белгілі психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді:

- ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

- ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез-келген жағдайды талдап, салыстыра білу;

- барлық күш-қуатын сарқа жұмсап, тынымсыз еңбек етуі.

Дарынды бала өз іс-әрекетімен, білімге деген құштарлығымен, бойындағы жоғарыда аталған қасиеттерімен ерекшеленеді.

Дарынды бала өте білімпаз. Ол бәрін оқып, біліп ұстап көргісі келеді. Элен Виннер бұл ерекшелікті «білімге құштарлықтың таусылмас бұлағы» дейді. Мұндай білімпаздық зерттеу жасау, таусылмайтын қызығушылыққа ұласып, өмірін байытуға жол ашады.

Дарынды балалар өз топтарында әрқашан доминант рөлін атқарады, өйткені олардың айтар сөздері әрқашанда көп. Оларға әр түрлі шектеулер қатты әсер етеді, авторитеттерді мойындамайды, бұдан оларды тәрбиелеу қиынға соғады. Балалар кішкентай болғанда жолы болмай қалса, оны өте ауыр басынан кешіреді және жаңа әрекетке өз – өзіне сенімді болмайынша кіріспейді. Бұл олардың рухани жасы интеллектуалдық жасына сәйкес келмегендіктен болатын жағдай. Уақыт өте мұның бәрі өзгереді, олар қиыншылыққа төзуді үйренеді.

Барлық балалар бірдей болып дүниеге келеді, нышан, қабілеттерін дер кезінде байқап, үйде ата-аналар, бала-бақшада тәрбиешілер, мектепте мұғалімдер дұрыс психологиялық, педагогикалық жұмыс ұйымдастыра алса, баланың дарындылығын өзіне пайдалы етіп қолдануға болады. Әрине, дарынды бала қарапайым балаға қарағанда көп білімді, шыдамдылықты, күш-жігерді қажет етеді. Оларға жұмсалған еңбек еш кетпейді, зор нәтижеге жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет