I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен (ғылыми кітапхана) жұмыс жүргізу әдістемесі



бет30/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

22. Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен (ғылыми кітапхана) жұмыс жүргізу әдістемесі

Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мен кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен вебсайттарды қолданудың маңызы ерекше болып отыр. Қазіргі таңда Веб 2.0 технология үлкен танымалдылыққа ие, осы технологиямен дайындалынған порталдар мен сайттар білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивті мүмкіндіктерді ұсынады. Осы технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және т.б. танымал CMS-терді жатқызуға болады. .


Қазіргі кітапхананың басты міндеті өз оқырмандарына жаңа электронды қызмет түрлерін ұсыну. Осы жұмыстың аясында «Құжаттарды электронды түрде жеткізу», «Кітап мерзімін онлайн режимінде ұзарту», сондай-ақ «Кітапханашыға сұрақ», «Виртуалды анықтама қызметі» бойынша қашықтықтан онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Ал, электронды каталог ақпарат іздеудегі басты құрал болып табылады. Электронды каталогты қолдану кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам тауып, табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады: - электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрамдас бөлігі болып табылады; - электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толық мазмұнын ашады. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютрлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр – сырын терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық –коммуникативтік технологияны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет