I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


-Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысын өңдеу



бет32/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
24-Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысын өңдеу


Болжамды ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады.
Педагогикалық интерпретация мен оны бағалау алдын- ала теориялық және тәжірибелік білім қорытындыларды қалыптастыру екінші кезең
Зерттеудің үшінші кезеңі- өңделген пікір ұсыныстарды енгізу үшін тек қана ауызша жұмыс емес, сондай- ақ оларды көрсете білу
Зерттеу жұмыстары, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д.Андресв, Ю.К. Бабанский, В. И. Журавлев, Н.А. Сорокин, Н. Е.Соколова, В.И. Смирнов, А.Д.Оришин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткип, Я.С.Турбовской
Эмпирикалық өңдеу кезінде жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, рпактикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
Бағалау- бақылау және өлшеу, көрсеткіштері өңдеу
Өңдеу әдіс тәсілдері- психологиялық тест, анкета, сұрақ алу әдісі, эксперимент, тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі, Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі міне осының барлығы өңдеу барасындағы процесс болып табылады
25-Бастауыш мектепте Жаңартылған білім беру Бағдарламасының негізгі ерекшеліктерін айқындау
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -дегені белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін білу қажет:
– біріншіден, пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.
– екіншіден, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы қолданылады, білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша бағалау критерийлері бойынша сабақ мақсаттары анықталады.
– үшіншіден, бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптар» беріледі. Әр пәнді жеке оқыту маңызды болып табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді.
– төртіншіден, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылады.
– бесіншіден, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік рухани қасиеттері қалыптастырылады. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.
Алтыншыдан бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көп септігін тигізеді.
сегізіншіден, оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу). Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет болады.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру барысында осы көрсетілген ерекшеліктерді ескеру қажет. Сонда, бастауыш сынып мұғаліміне жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақты өткізу үшін өзін қайтадан «сындырып», қайтадан құрастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет