I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу әдістемесі



бет27/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

18. Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу әдістемесі

Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Зерттеу проблемасы қайшылық ретінде: зерттеу мәселесінің табиғаты күрделі, сондықтан зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі.


Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек.
Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі. Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет. Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның «даралығынң сипаттайды.Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңыздыидеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады.
Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты.
Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.
Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор. Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет